Сәулеме
Шырыным шын нұрың
Қылды ғашық
Қылығы асып.
Сорлыңды
Жыладым, зарладым
Түріңе мен бұрын
Сұңқарым,сұқсырым,
Тағы алдадың.
Таба алмадым
орныңды.
Шаңырқап,шаршап жалықтым.
Қош сау бол, сәулем, шын сырым.
Сағындым мен сені,
Қайрылмадың.
Жай қылмадың көңілімді
Зарлаттың сен мені
Оздырдың ғой.
Тоздырдың ғой өмірімді.
Аулақ салдың іргені
Жылаттың жылда
Табылмас дерттің енді емі.
Саған да құдай бар,
Алдатқаның,
Зарлатқаның тым өтті.
Уәде тосар өзіңді
Оңбасын қарғыс алғандар
Кәрілік жеңіп,
Қайрат кеміп күн өтті.
Қайырсыз, қамсыз қалған жар.
Айтамын ақтық сөзімді.
Мен өлем, сен-ақ мәңгі қал.
Сәулем деген таңдайым,
Келсе шамам.
Енді саған,
Тақ етпесін
Жіпті бұрын жалғадым.
Жазбаған соң маңдайым
Амалыңды аңдайым.
Енді құшақ
Бұрынғыға ұқсап.
Сап етпесін.
Риза емес аруағым.
Аллаға аян хал-жайым.