Арман

Мезгіл бар ма құтылар,

Шынжырлаулы тағдырдан?

Бірақ ой жоқ ұмтылар,

Табылар тағдыр дағдыдан.

Рахымы жоқ шынжырға

Байқамастан шалдырған,

Аяқ, қолы құрсауда,

Зарлауда жүр «балдырған».

Желк-желк еткен жас шалғын

Суық желмен майысып,

Селк-селк еткен болды күн

Көтермей белді қайысып.

Ажарлы, нұрлы ақ балғын

Заманмен тозды сайысып,

Көңіл құрғыр соп-солғын,

Жылдам суып, жай ысып.

             1915-1916 жылдар.