ЖАРАЙСЫҢ, ШҰЛҒАУБАЙЫМ!
Ие, жолдас, Нүркей, жүріс қанша?
Съезге ме, қашан аванс алсам.
Мына хатты «Ж» ға бере сал.
Ақыры Алматыға барсаң
Числаның бүгін нешесі?
Жиырма үш десеңші.
Алай болса, мен жігірмі бәшінә шығам.
Шунда бізнің квартирге келсеңші.
Қаны дақылатың қайсы?
Оқиын берсеңші!
Қазір тугіл, Ивановқа язарға бергән едім.
Тігі черневигін көрсеңші.
Жалпы үйездегі мүше қанша?
Мына-мына, иетміш сегізлік цифр, сонша.
А, ұлтқа бөлгенде?
Етміш сегізіні бір отыз жедіге,
Бір қырық бірге бөлсеңші…
Көшпелі халықтан жоқ па?
Юқ… бар, юқ… бар..юқ.
Қалай ібдәш күн суық ма?
Ой.
Күнді қой.
Үсіп өлмейсің!..
Шанада оранасың ғой…
Бүтін үйезде мектәп нешеу?
Әйте әлмим…
Я сегіз, я бешеу…
Мұны білмегендердің ұят екен!
Жұмыстарың өте мешеу…
Ой айдай!
Ауыл, қыстақтағы жастардың, жәйі қандай?
Аны білсін бір құдай…
М… м… м… жалғыз-ақ!..
«Жастар» деген аты дардай!!
Шолай, ибдәш шола й…
Тағы да айтыңыз!
Жастар мүшесінің қаншасы қыз?
Сіз көрмедіңізмі әлі?
Мына киліп юри тұрған зор зары қыз…
А, мұсылмандардан!
Мәғлүмсіз.
Газеттерің тарайды?
Рушасын руслар қариды.
А… мұыслманшасын?
Мұсылманларынықы тәмекіге яриды.
Да, юзақ, юақ.
Һіш сақтап болми, іздәш!
Һәммәсін папиросқа талиды.
Жазда дала жастарын ұйымдастыруға шықпадыңдар ма?
Язда батракларының тойларына бардым.
Қымызларға қандым.
Андан соң шығарға тілемедім…
Ибдеш темекіңні шығар.
Менде қағаз жоқ шығар.
Міне кәғаз бізде көп.
Тігі «йеш қайрат тан» ирт та тал! Ирт та ал!
Қош.
Сүйтіп облысқа барып қайтасың…
Ал онда не айтасың?
Их! Х-х-х, анда нәрсә әйтірсін?!
Аузыңа түшкәніңні әйтірсін!
Ей, жолдас!
Алматы мұндай қала ма?
Съезді оңай санама!
Үміт етіп отырған үлкен съезде
Бекерге күйсей беруге бола ма?
Уқылырбыз, бұқылырбыз…
Общее положениені
Китіріп тығырмыз.
Үш ай сайын спектакль бола,
Русша концерт, митингі бола… деп құбылтырбыз.
Барасың-ау, барасың-ау.
«Съезге барды» атақты аларсың-ау.
Митингі, етінгі жеп өтірікті де сабарсың-ау…
Жалпы жастардың тағдырын шешетін съезде
Мұндай құйқалақ-сұйқалақ доклаттан
Ұялмасаң жа қызарасың-ау!
Ибдәш! Доклад дайын.
Анда барғаш ағызырмыз тілнің майын.
Ха.. ха… ха..
Жарайсың, Шұлғаубайым!