Уткин Джозеф Павлович
(1903 – 1944)
Джозеф Павлович Уткин орыс-совет журналисті, ақын. Ұлы Отан соғысының майдангері. 1903 жылы Хинган станциясында дүниеге келген. 1920 жылға дейін Иркутск қаласында тұрды. Әуелі, 3 жылдық бастауыш училищесін тәмамдап, кейін 4 жылдық жоғарғы бастауыш училищесіне қабылданады. Соңғы жылы тәртібі үшін шығарылады. Отбасындағы әке орнын толықтырып, жұмысты қатар алып жүргендіктен де сабақтан жиі қалады.
1919 жылы ағасы Александрмен бірге Колчак әскеріне қарсы көтеріліске қатысады. 1922 жылы «Власть труда» газетінде репортер қызметін атқарады. Алғашқы өлеңдері де осы газетке жарияланады. Джек Алтаузен, Валерий Друзин, Иван Молчановпен бірге Иркутск көркем-әдеби ұйымында, 1923 жылдан бастап Ипкутскіде басып шығарыла бастаған «Красные зори» журналдарында белсенді жұмыс атқарады. 1925 жылдан бастап «Комсомольская правда» газетінде әдеби бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.
1927 жылы Луначарскийдің алғы сөзімен ашылған Уткиннің «Алғашқы өлең кітабы» жарыққа шығады.
Ұлы Отан соғысының басталуымен Брянск түбіндегі шайқасқа қатысады. 1941 жылы қыркүйек айында мина қалдығымен жарақаттанған Уткиннің қолының төрт саусағы жұлынып кетеді.
Әскери марш өлеңдерін жазады. «Проважала сына мать», «Дед», «Я видел девочку убитую», «Над родиной грозные тучи» өлеңдеріне ән жазылып, әскер қатарында-ақ танымал болды.
1944 жылы, 13 қарашада кезекті паризандық жорықтан қайтып бара жатып, әуе апатынан қайтыс болады. Ұшақ Мәскеу маңына жақын жерде құлаған екен. И.П. Уткин М.Ю. Лермонтовтың өлеңдер жинағын құшақтаған күйі ажал құшыпты. Новодевичьи бейітінде жерленген.
І. Жансүгіров И.Уткиннің «Күн батарда» әңгімесін қазақ тіліне аударған.
КҮН БАТАР
Төмендеп күн,
Тұнып көк
Алқызыл алысты аралайд.
Жан саям, жаным жақында
Ымырықты ымырт
Әңгіме айт.
Қозға, құрбым,
Отырма,
Әңгіме сол! Әлгі сөз.
Мынау шуда, бұл дуда,
Дәметем:
Дәнді ой,
Дәмді сөз.
Жарқылдап жаздың жайы да,
Сездірген мені,
Сені де.
Көніккен көздер, алайда,
От берген
Елдің еріне.
Бәрі бір,
Күн – күлгін гүл.
Жа күлгін гүл –күн күңгірт.
Бәрі бір,
Қайың қаулар дүр,
Өсірген
Осы ел үміт.
Шаршау жоқ,
Бізде айну жоқ,
Сусаған сусынды ішкенше.
Бізде беттен қайту жоқ,
Қазулы төсек
Түскенше.
Төгілді аспан,
Төнді күн.
Ендігі таң баяу ат!
Әді де, саям, бер таман!
Жүрекке жуық –
Әңгіме айт.