Максим Горький
(1868 – 1936)
Жазушы, прозаик, драматург. Ол ұста Максим Саватьевич Пешковтың жанұясында Нижний Новгородта дүниеге келді. Өз бетінше оқып білім алған. Жасырын халықшыл үйірмелерге қатысып, үгіт жұмысын жүргізумен айналысады. М.Горький 1888-1892 Ресейді жаяу аралап, халық тұрмысымен жақын танысады.
1892 жылы алғаш рет баспаға «Макар Чудра» әңгімесін бастырады. Нижний Новгородқа оралып, «Волжском вестнике», «Самарской газете», «Нижегородском личтке» және т.б. фельетондарын бастырады. Оның «Фома Гордеев» (1899), «Трое» (1900-1901), «Мать» (1906), «Дело Артамановых» (1925) романдары, «Мужик Очерки» (1900), «Жизнь ненужного человека» (1908), «Исповедь» (1908), «Лето» (1909), «Детство» (1913-1914), «В людях» (1915 -1916) повестері, «Девушка и смерть» (1892), «Челкаш», «Старуха Изергиль» (1895); «Бывшие люди», «Супруги Орловы», «Мальва», «Коновалов» (1897), «Очерки и рассказы» (1898), «Песня о Сколе» (1899), «Человек» (1903), «Товарищ» (1906), «Сказки об Италии» (1911) атты туындылары жарыққа шықты.
М.Горький 1897 жылдың қазан айынан бастап, 1898 жылдың қаңтар айына дейін Каменка поселкесінде өзінің досы Каменск қағаз жасау фабрикасында жұмыс істейтін және жұмысшыларды жасырын маркстік үйірмені басқаратын Николай Захарович Васильевтің пәтерінде тұрады. Кейін осы кезеңдегі өмірден алған әсерлері жазушыға «Жизнь Клима Самгина» романына (1925-1936) материал болды.
М.Горький 1904-1905 жылдары «Дачники», «Дети солнца», «Варвары» пьесасын жазды. Осы жылдары революцияға қатынасушы ретінде қамауына алынады. Кейін қоғамдық ортаның қыспағымен босатылады. Горький 1906 жылы шет елге кетіп, Франция мен АҚШ-тың «буржуазной» мәдениеті туралы сатиралық памфлетін («Мои интервью», «В Америке») құрады. Ол жеті жыл бойы өкпе сырқатына шалдығып, Капри аралындағы Италияға қоныстанады.
І.Жансүгіров М.Горькийден «Дауылпаз» өлеңін қазақ тілінде сөйлетті.
ДАУЫЛПАЗ
Телегей тегіс теңіздің,
Көкше бурыл айдынын
Сапырды дауыл, сапырды.
Сол айдынға бұлтты
Иірді, дауыл, жапырды.
Тулаған теңіз үстінде,
Қайнаған бұлт астында,
Жай отындай жалтылдап,
Қағады қанат Дауылпаз
Дауылда даусы саңқылдап…
Қанаты қағып толқынды
Кейде қыран зырлайды.
Жел де бүлтты қақ жарып,
Кейде оқтай зымғайды.
Шаңқ-шаңқ етсе Дауылпаз
Оның ащы даусынан
Бұлттар шаттық тыңдайды.
Дауыс – аңсап дауылды,
Ызалы қуат, күш қысқан.
Құмарлы жалын от шашқан
Жау жеңуге сенім мол,–
Бұлт тыңдай дауыстан
Бұл дауылдың алдында
Шыңғырады шағала.
Жалп-жалп ұшып теңізге
Жете алмастай жағаға
Оларды қуып қуғындап
Тыққандай теңіз түбіне
Зар қылып баспанаға.
Шырылдаған үйрек көп,
Хаупі қатты, жүрек жоқ,
Оларға өмір маңдайын
Серуендесіп жүрмек жоқ…
Тіпті оларда үрей жоқ,
Жалт-жұлт еткен нажағай
Шатыр-күтір су мен көк…
Есалаң құтанда ес те жоқ
Қатты қорыққан, зәре жоқ.
Жасырынды жартасқа…
Аударылды жер мен көк…
Жалғыз-ақ қайсар Дауылпаз
Көбіктенген бурыл көк
Телегей теңіз үстінде
Қағады қанат бейне оқ…–
Маңай мұнар, күңгірт,
Құшақтады теңізді
Аударылды аспан, бұлт,
Көк жөтеліп күрк-күрк-күрк,…
Өкіреді, жылайды
Жайға ұмтылып жоғары,
Толқын серпіп тулайды,
Теңіз қайнап бұрқ-бұрқ-бұрқ…-
Күркірейді аспан, көк
Арпалысып дауылмен.
Ашу көбік, ыза-кек,
Арсылдайды толқын соқ…
Теңіз дауыл жекпе-жек
Алысқандай жұлқысып,
Палуан күшті жел білек,
Құшақтады толқынды.
Алыптайын ашумен
Жел тасқа алып соқты кеп,
Тасқа ұрылған тау толқын
Шашты быт-шыт меруерт…
Шыңқылдайды Дауылпаз.
Ол дауылда жай оты,
Бұлтты айырып Дауылпаз,
Оқтай ұшқыр қуаты –
Толқыңдардың көбігін
Қағып жыртад қанаты.
Ол дәу пері желде ұшқан,
Дауылдың дәу қарасы.
Күңіренеді. Күледі.
Бұлттарды сықақтап,
Қайсар, сақ-сақ күледі.
Қуаныштан күңіреніп,
Күңіренеді, күледі…
Ашуланса ажағай
Сергек пері — Дауылпаз,
Дауылға ырық бермейді.
Көптен сезген шаршауды
Ол өзгеге сенбейді.
Сенетіні жалғыз-ақ:
Күнді бұлт көмбейді,
– Жоқ, жоқ, бұлт көмбейді!
Өкіреді көк дауыл,
Шатырлайды найзағай,
Түпсіз терең теңізде
Қошқыл қара жалынмен
Жалындайды бұлт кезбе…
Телегей төсі теңіздің,
Тулап, аунап бір кезде
Кектен оғын атса жай,
Қақшып жұтып телегей
Сөндіреді лезде.
Теңіздегі сәулесі
Ажағай оғынан,
Ойнақтайды от, шоқ жылан,
Дауылпаздың дауысы:
– Дауыл, кезің соғатын!
Арсылдаған ашулы
Түпсіз теңіз үстінде
Қайтпай қағад қанатын.
Ол дауылдың дабылы
Даусы дауыл шақырад.
Жау жеңудің жаршысы ол,
Ер Дауылпаз етті шаңқ:
– Соқсын дауыл қаттырақ