Шәркей
Әңгіме Шәутен деген баланың бір әдемі ақ қозысы болғанын, қозысын жақсы көретінін, өзі көгендеп, өзі ағытатынын айтудан басталады.
Шәутеннің аяғында шәутиген ғана шәркейі бар еді. Ағытып жатқан қозысы Шәутеннің аяғын басып, шәркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып-жыртып кетті. Шәутен шәркейіне жылап жіберді.
Апасы:
Қой, балам, жылама. Осы қозының жүнін шәркей ғып беремін. Онда
қайтер екен,-деді.
Ақ қозы үлкен марқа болған. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан- ұзын болып кетті. Шәутен де өскен. Жамаулы жаман шәркейі енді аяғына сыймай қалады.
Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды,-деді.
Ендеше ақ марқаңды қырықтырып, әкеле ғой.балам, -деді апасы.