ЕЛГЕ ШЫҚҚАНДА …ОВ НЕ АЙТАДЫ?
Кім дейсіңдер мынау?
Керек сойыс, лау.
Мен бүгінгі құдайың
Біліп қойғын, пақыр-ау.
 
Жер, жесірдің дауы
Маған тиіс сұрауы,
Мен үкімет адамы,
Оң көзі, омырауы.
 
Протоколды жазамын,
Контролін қазамын.
Ықтиярымен бергенді аламын,
Бірақ параға оразамын.
 
Қатынның басын ашамыз,
Сот жұмысына да араласамыз.
Ешкім қарсы тұра алмайды,
Көрінгенді көпірше басамыз.
 
Екі расписка, копия,
Ментексерсем… ия… ия…
Тартамын сотқа,
Бітпесеңдер құпия.
 
Заявление – арыз,
Тексеру бізге парыз.
ІсіҢді іс қылып берейін,
Береріңді шығарыңыз.
 
 
Ревизия қолда,
Балқымбайды жонда,
«Материал» беріңдер,
Сөйлесейін сонда.
 
Хы-хы-хы, хы-хеу!
Беретін түлкің нешеу?
Түйе біреу, ат екеу.
Ішік біреу, қасқыр бесеу.
 
Бар ма ақшаң?
Жылдам… шапшаң!
Сені сайлап кетем
Аттың майын тапсаң.
 
1920 жыл.