ЕКПІНДІ БҮЛДІРГІШ
«Шаш ал десе, бас алған» — деген мақал қай заманға болса да қабысады да тұрады. Қай дәуірге болса да жабысады да тұрады. Үйткені ұрда-жық, орашолақ, бүлдіргіш қай заманда болса да болады.
Қай халықтан да табылады. Орашолақ, шаш ал десе, бас алар – феодализмде де болады. Капитализмде де болады. Енді мына социолизміңізде де жүр.
* * *
Алматының округтік ұйымдары, әсіресе, округтік комсомол комитеті окрмалсоюз ауылдың жаппай ұжымына социолизмге жедел жәрдем бермек болды. Топ-топ жұмысшылардан, жастардан, қызметшілерден бригадалар құрылды. Көп ішінде ала-құла болмай қоя ма? Бригады болып жақсылармен бірге орашолақ, үркөппелер кетті. Осындай орашолақ, қиянкестердің біразы Шоқпар барыпты. Суыт іске кірісіпті!
Ауданның атында осындай боларына көрінді ме, о басында да «Шоқпар» қойған екен-ау, оған мына ұрдымжықтар дәл келер ме?! Алматыдан аттанған екпінді бригаданың адамы үшеу. Үшеуі де қазақша «жолдас» деген сөзден басқаны «мен білмейділер». Міне, осылар шабуылдап Шоқпарға келе сала хабар жайды.
– Уа, жиылыңдар, округтен бригады келді…
– Уа, келіңдер, ұжымға ұйыстырмақ!..
Елдің басынан аяғына дейін шапқыншы шапты. Хабар тарады. «Екпінді бригады» елді жинаттырды. Алқынып батырақ келді. Жұлқынып белсенді келді. Көтеріле бригадының адамы – үшеу. Үшеуі де қазақша «жолдас» кедей келді. Осылармен бірге орташа болды. Жиналыста болатын әңгіме – алтау:
Қазіргі ағым, ұжым құрылысы туралы бақандай баяндама – екпінді топтың командирі істейді. 2) Оның переводы. 3) Елдің малын, жанын хаттау, ауыл-ауылдан екпінді бригады (комиссия) жасау. 4) Оның переводы. 5) Ұжымның уставын бекіту. 6) Оның переводы.