Янка Купала
(1882-1942)
1882 жылы туған. Шын есімі ‑ Иван Доминикович Луцевич; белорусша Янка Купала.
1903-1904 жылдары «Зерно» журналында «Мая доля» атты алғашқы өлеңі жарияланады. 1905 жылы «Мұжық» өлеңі жарияланады. 1907-1908 жылдары «Зімою» (Зимой), «Нікому» (Никому), «Адплата каханнем» (Отплата любовью), «За што?» поэмалары жарық көреді. 1908 жылы «Маладая Беларусь», «Заклятая кветка» (Заговоренный/заколдованный цветок), «Адцьвітаньне» өлеңдерін жазып, «Наша Ніва» газетінде жариялайды.
1908‑1909 жылдары «Наша Ніва» газетінде жұмыс істейді. 1908 жылы Янка Купаланың «Жалейка» (Дудочка) атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл жинақ мемлекетке қарсы деп тәркіленіп, авторы жауапқа тартылады. 1910 жылы «Гусьляр» (Гусляр) жинағы, «Курган» поэмасы және «Сон на кургане» драмасы жарық көреді. 1911-1913 жылдар аралығында Акопа иелігінде тұрады. Осы кезеңде ол 80-ге жуық шығармасын жазған. 1912 жылы «Паўлінка» комедиялық пьесасын, 1913 жылы «Бандароўна» тарихи поэмасын, «Магіла льва», «Яна і я» поэмаларын, сонымен қатар, «Прымакі» пьесасын, «Разорённое гнездо» драмасын жазады.
1909‑1913 жылдары жас ақын Санкт‑Петербургте А. Черняевтің дайындық курсында оқиды. 1915 жылы Москва қалалық халық университетінде оқиды. 1916 жылы ақын-студент әскер қатарына шақырылып, Қазан революциясына дейін жол құрылыс отрядында жұмыс істейді. 1916-1918 жылдар аралығында Янка Купала бірде бір шығарма жазбаған. 1919 жылы «Время», «Для отчизны», «Наследство», «Своему народу» өлеңдерін жазады. Беларусь ақынының Ұлы Отан соғысына дейін мынадай жыр жинақтары жарық көрді: «Наследство» (1922), «Безымянное» (1925), «Песня строительству» (1936), «Белоруссии орденоносной» (1937), «От сердца» (1940), «Над рекой Орессой» (1933), «Тарасова доля» (1939) поэмалары.
C»Беларусь халық ақыны, Беларусь Ғылым академиясы мен Украина Ғылым академиясының академигі, жазушы. Беларусь әдебиетінің классигі. Бірінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты (1941).
І. Жансүгіров Янка Купаланың бір өлеңін тәржімалаған.
Сан тоғайдан күңіреніп
Шыққан кімдер мынау көп?
Белорус.
Арқасыңда қандай жүк,
Мойнында отыр кім мініп?
Соры (теңсіздігі).
Сорын қайда әкетпек,
Оны кімге көрсетпек?
Әлемге.
Біреу емес-миллион көп,
Сорға үйреткен кім мұны,
Неден тіпті тыным жоқ?
Жоқшылық, қайғыдын.
Сорлы соқыр, көп керең
Не тілегі бар екен?Адам болу.