Күн боламыз

Туғанбыз күн нұрынан күн боламыз,
Нұр шашып қараңғыны жарқ етіп.
Ту ұстап, тұлпар мініп толғанамыз,
Көк жерді көміп нұрға, қарық етіп.
Қар, мұзды жерді қысқан сел етеміз,
Жаудырып көктен нөсер дүрілдетіп,
Бұлтты айдап, тұман түріп желдетеміз,
Есілте ескекті өңнің күйін шертіп.
Жадырар жаның бәрі нұр бөлеген,
Маужырар жан-жануар, жер көсіліп.
Жер қалмас жаңармаған, түлемеген,
Көгалмен көріктерміз гүл өсіріп.
                                      1930 жыл.