Жаңа әдебиет

Күреспен, күшпен,
Білекпен
Төгілді жерге  жаңа нұр.
Жігермен, іспен,
Еңбекпен
Соғылды жерге жаңа өмір.
Жаңа өмірмен,
Жаңа елмен
Түледі біздің дала, қыр.
Күшті кұймен,
Тәтті әнмен,
Үдеді біздің жаңа жыр.
                                1929 жыл.