Ақ сабан

Түу-түуде тоғай томсарар,
Төбеде төнер торғын көк,
Қыбыр-қыбыр қырда мал,
Жыбыр-жыбыр егін, шөп.
Егінде еңбек, шөпте асар,
Жыбыр-жыбыр бар кісі.
Қырт-қырт орад орады,
Сыңғыр-сыңғыр шалғысы.
 
                             1923 жыл.