Молданың мінәжаты

Я раббым! Бұ не хал?
Жиһан жүзін кәпір алды
Я раббым, өзің назар сал…
Мұсылмандар ғапыл қалды.
Байдың малын талап,
Бинат деген пақыр алды
Битін сығып, қанын жалап,
Бадырақ деген тақыр алды.
Бұл күнгі өлім-жітімге
Молданы да шақырмайды.
Халыққа уағыз айтқан ағитатарлар
Халықты молда бұзды деп қалыдады
Пиғылдары да жаман…
Байды құрт, молданы жоғалт деп ақырады.
Әйелдерде ынсап жоқ,
Намақыраммен жүріп мекемеде тақылдады
Асты мұсылман, басы кәпірлер
Күрсіден шығып, күзендей шақылдады.
Никак, маһар мәселесін
Командасын бақылады.
Өкіл, исполкомдер
Бесті айғырдай сақылдады
Құрытпаған несі қалды?
Молданы мүлгітті, байды тақырлады
Бұлар баршасы заманақыр ғаламаты:
Дажал шығып қалуға да жақындады.
Табарак та иажул жалалы өлікрам…
Заманақыр жақындады… жақындады…
Астағыпыралда, иа сұхбан…
Заманақыр жақындады… жақындады…
               
                                           1921 жыл.