Шым-шытырақ
Алған – берген,
Қалған – өлген, шым-шытырық қу заман.
Жаулаған да,
Даулаған да, сұм құзғындай шулаған.
Бозбала аусар,
Ақылы жансар, қартаймастан алжиды.
Замғиды да,
Қан құйды да,
Малжиды да шалжиды.
Биі әділсіз,
Ер кәдірсіз,
Қыз да әзілсіз – біркелкі.
Досың күлсе,
Дұшпан үрсе,
Басып жүрсе – өз еркі.
Ащы көңіл,
Тұщы өмір,
Төсек темір, бар ма дос?
Қайғы баптап,
Ойды шақтап,
Сырғанақтап – жүрмін бос.
1915-1916 жылдар.