Бес жылдықтың ерлері

Партияның дегенімен,
Бесжылдықтап іс жасап.
Екпіндеген еңбегімен,
Тау ақтарып, тас қашап.
Жатқандар кім десеңдер,
Бесжылдықтың ерлері.
Жер жүзіне көсемдер,
Бесжылдықтың ерлері.
Алтын алтай кенін алып,
Керегіне жаратып.
Жер жүзіне ұран салып,
Күллі әлемді қаратып.
Жатқандар кім десеңдер,
Бесжылдықтың ерлері.
Жер жүзінде көсемдер,
Бесжылдықтың ерлері.
Екпіндетіп алыс пенен,
Жер-жексенін қашаған.
Социалдық жарыспенен
Жаңа дүние жасаған.
Кім десеңдер, жұмысшылар,
Бесжылдықтың ерлері.
Октябрьдің екпіндісі
Бесжылдықтың  ерлері.
                          1932 жыл.