САЯСАТ ҚОШҚАРЛАРЫ
Не айтар екен «Лұзан»?
Шығар ма екен тозаң?
Мен мойнымды созам…
Үрит, үрит, үрит!..
Рурға жасақ барды,
Көмір кенін алды.
«Қошқардың» көзі қызарды,
Үрит, үрит, үрит!..
Француз емінді,
Герман шегінді,
Америка көңілді,
Үрит, үрит, үрит!..
Ағылшын арбауда,
Жапон жалмауда.
Еңбекшіл зарлауда,
Үрит, үрит, үрит!..
Туркия бір кесек,
Ұсақтар бір есек…
Гу-гу өсек,
Үрит, үрит, үрит!..
РСФСР батыр
Шаруада жатыр.
Дәулерге заманақыр,
Үрит, үрит, үрит!.
1922