Қара бауыр
Ардақты оқушы!
Алатау… Алатаудың асқар-асқар асуынан арғы бетке асырсам, алдарыңнан аңғары ұлы өзен кезігеді. Аңғардың екі жағы қап-қара үңгір, меңіреу құз көресің. Құздың аспанға өрлеген басы ақшонақ шоқы, мәңгілік мұз көресің. Өзен арнасы тамылжыған тоғай. Балақ-балағы, түбек-түбегі жыныс, жақпар-жақпар жартасқа көзің сүрінеді. Сол жақпарға үңіле қараңыз, ол көрінгеннің барлығы да тұтас тас емес. Оның бірсыпырасы жанды тастар.
Май-ақ екен
Бекбосын бүгін ерте тұрды да, кешегі орып әкелген қурайын сымбалдап екі тең ғып буып үйге кіріп қызына:
–Күмісжан-ау, айыл жібін тағып, ыңыршақты шығарып берші, қарағым – деді.
–Аға-ау! Өгізбен кешке қаласың ғой, арқасы тәуір болса көк атқа-ақ теңдеп барсаңшы,–деді Күмісжаны.
–Сүйтсем, сүйтейін. Бірақ көк иттің өзі арқасынан аяншақтана ма? Жоқ бір желік бітейін деп жүр ме, одырайып қапты…
Мерген, бөкен
Жазғы ерте. Желсіз салқын әуе. Жаз сұлудай майысқан рауаш, балдырған түнгі шыққа шомылып, жапырағын жалбыратып, буынын балбыратып тұр. Тау-тасты нұрға көміп, мақтанған сұлу ай, таңның ажарымен жолда ауырған жолаушыдай бесіндікте шалқалап, өңі қашып ескіріп, естен шығып барады.
Басын шығысқа, аяғын батысқа беріп шалқалаған тәкаппар Алатау, атқан таңды қайғымен қарсы алғандай…
Тұманнан басын жел аршыған қызыл қорымда суырдың шақылдаған дауысы, қақалып таңды мақтаған сияқты…
Жолдастар
Дала. Түн. Шуылдаған дабырмен оянып, далаға шықтым. Айдың өларасы еді. Көк көрінбейді. Бұлт қап-қара. Түпсіз терең түнде тұңғиық қараңғылыққырды көптен құшағына алған. Дауыл соғып тұр. Дала дүр-дүр етеді. Әлде желдің үні? Әлде елдің үні?..
Ауыл ауыр қараңғылықта. Шу шығады. Не шу? Әлде жел қамысқа соқты? Әлде жылқышы ысқырады?..
Жел ішінен жарықшақ дауыс естіледі: не дауыс?
Әлде қойшы айтақтайды? Әлде қасқыр ұлиды?..
Бақытты Жамал
І.Жансүгіровтің «Бақытты Жамал» әңгімесінің мәтіні табылды
Төменде ұсынылып отырған «Бақытты Жамал» әңгімесі 1937 жылы
«Сталин жолы» газетінің ақпан, наурыз айларындағы нөмірлерінде
жарияланған екен. Өкінішке орай, Ілияс ақталғаннан кейін жарыққа
шыққан шығармалар жинағының ешбіріне енгізілмей, назардан тыс қалып
келген.
Ілияс Жансүгіровтің «Бақытты Жамал» әңгімесінің мәтіні кирилл
жазуына көшіріліп, «Қазақ әдебиеті» газетінің 2018 жылғы 06 сәуірдегі
санында жарияланды.
Жедел жәрдем
Алқаптың мүйісіндегі ауылдан күзгі көң қидың көк будақ түтіні шығады. Ауыл Ақылбайдікі. Ақылбайдың үйі шал қонақтай ауыл төрінде мыжырайып отыр. Үйдің, оң жағында оймышталған отау. Отаудан бебеу қаққан жас әйелдің дауысы шығады:
Бибатима пірім-ау…
Не болар күнім-ау…
……………………………
Жасаған, жалғыз-ау…
Бере гөр оң толғақ!..
Қойшы мен Аэроплан
Біздің Тоғызбай отағасы малды адам. Тоғызбай ауылы ел ішіндегі жуан ауылымыз. Тоғызбайлар егін салып болғаннан кейін Қордай тауының алқымына тарта қонатын. Биыл да сол қара пұшық кемпірге ас берген жер ошақта отыр.
Тоғызбайдың ырысы – Батырбек. Батырбек өмірі Тоғызбаймен шығысып келеді. Мұны ауыл балалары Қара күшік дейтін. Батырбек – тықырлау, үңірек қара шал; биыл қырықтың алтауында.
Бадырақ
Таң анық атқан жоқ. Айдың аяққы қараңғысы. Таң алдына шейін талықсып келіп, бой жасаған өлетін адамның көзіндей ажарланып бағжиған жұлдыздар жерді албастыдай басып тұрған меңіреу қараңғылыққа әр жерден өштесіп, өжеттенгендей. Бірақ өздері еңкейіп батып бара жатқан сияқты.
Осы қараңғылықпен араласа әр ауылдың қонысында түйенің анда-санда бақ еткен дауысы естіледі. Жылқы кісінейді. Тәрізі бұл өңірдегі ауылдар көшіп жатыр.
Шәркей
Әңгіме Шәутен деген баланың бір әдемі ақ қозысы болғанын, қозысын жақсы көретінін, өзі көгендеп, өзі ағытатынын айтудан басталады. Шәутенніңаяғында шәутиген ғана шәркейі бар еді. Ағытып жатқан қозысы Шәутеннің аяғын басып, шәркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып-жыртып кетті. Шәутен шәркейіне жылап жіберді
Апасы:
Қой, балам, жылама. Осы қозының жүнін шәркей ғып беремін. Онда қайтер екен,-деді.