Бедный Демьян
(1883 – 1945)
Шын аты-жөні – Придворов Ефим Александрович 1883 жылы 13 сәуірде Херсен губерниясында Губовка деревнясында дүниеге келген. Орыс совет ақын, қоғам қайраткері, поэзияда социолистік реализмнің негізін қалаушылардың бірі. 1912 жылдан компартия мүшесі. Кедей шаруаның баласы, 1904-08 жылы Петербург университетінің Тарих факультетінде оқыған. Өлеңдері 1909 жылдан «Русский богатство» журналында жариялана бастады. 1911 жылы большевиктік «Звезда» газетінде «Кедей Демьян – сойқан бір жан» деген өлеңі басылды да осыдан ақынның Бедный деген лақап аты пайда болды.
Бедный шығарманы халық үшін жазуды лениндік революциялық идея бұқараға жеткізуді алдына мақсат етіп қойды. 1913 жылы «Мысалдар» деген атпен Бедныйдың тұңғыш өлеңдер жинағы шықты. Бұл жинаққа В.И. Ленин назар аударды. Оның Азамат соғысы кезінде жазған өлеңдері мен жырларының маңызы аса зор болды.
Елді индустриаландыру жылдарында Бедный Қазақстанға келіп, Түрксіб құрылысын шабытпен жырлады.
Бедный Ұлы Отан соғысы жылдарында өткір өлең, жырларымен халықты жеңіске жігерлендірді.
Шығармалары: «Кедей Демьян – сойқан бір жан» өлеңі; («Звезда» газеті) «Мысалдар» ,өлеңдер жинағы (1913ж); «Бас көше» (1922) поэмасы; «Шайтан арба» поэмасы; «Пештен түс», «Аяма», фельетон, «Ұлпа қарлар» өлеңі.
Бедный Ленин ордені және «Қызыл ту» медальдарымен марапатталды.
Қазақ ақыны С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов т.б. Бедныйдың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Бедный Демьяннан І.Жансүгіров аударған өлеңдер: «Соқа мен зеңбірек», «Жан қайла».
СОҚА МЕН ЗЕҢБІРЕК
Сықыр, сықыр дөңгелеп,
Жүргенін көріп зеңбірек:
«Тында, бабай мені», – деді,–
Саңыраумысың сен соқа?
Күні бойын күркіреп,
Қалтыратсам жер мен кек,
Тындаймысың бүкшеңдеп;
Не қылып жүрсің? Ха-ха-ха!»
Соқа: «Жыртам жерімді,
Асыраймын елімді.
Тыңдамаймын, тыңдағым
Келмейді күркірегіңді…»
«Жыртамысың жеріңді,
Шығардың кімге терінді?
Бол оған соқам сенімді:
Ойрандаймын еліңді.
Жалғыз там қалмас қалаңнан,
Жалғыз жан қалмас далаңнан.
Егінің болар тозаң – шаң,
Қой, соқа, жат, ал деміңді!»
«Жырта берем жерімді,
Асырай берем елімді.
Елім жесе алам дем
Жемісімді, жемімді.
Бұйраланып боразда,
Жер жыртылса, ол аз ба?
Татуды тартқан аразға,
Ойраншыл, бүлік бір жаусың,
Бұзуға дүние арнасын,
Жоюға еңбек ордасын,
От, су, қырғын жолдасың.
Тілегің сенің «қан жаусын»
Дүние сені мәңгіге,
Қан көрген сайын карғайды.
Дүние мені мәңгіге,
Нан жеген сайын алғайды».
ЖАН ҚАЙЛА
Қасқырды есек көре кетті,
Көре сала өле кетті.
«Аяғымшы-аяғымдап»,
Бақырғанда зәре кетті.
Не боп қалды? – деді қасқыр, –
Бақырасың, қара басқыр!
Аяғыма шөңір кірген,
Көрмеймісің іріңдеген…
Ой-бай, бай-бай, өлем… өлем…
Іріңдеді барлық денем,
Іріңнен улап, шіріп,
Өледі ғой мені жеген.
Құдай үшін, бірәдар-ай,
Ете гөрші, маған жәрдем!
Ой-бой, бой-бой, өліп барам,
Жаман болды менің жарам.
Сол шөңірді ап жіберсең,
Көп-көп алғыс айтам саған.
Бері есекке жүгіреді,
Аяғына үңіледі:
Аяғың ба? Тұяғың ба?
Кәні қай жер? Жара қайда?
–Міне!
Ол емес… ой-бой, бой-бой!..
Жаным шығып барады ғой!
Ойбай! Тиме! Қақпа! Қақпа!
–Тоқта!Тоқта!
Алдыменен тазалайын,
Тұяғыңды толған боққа.
Тікен іздеп қасқыр жатты,
Есек біраз бой тоқтатты.
Тепті қатты.
Қасқыр құлап омақатты.
Есек қашты.