«Ілияс әлемі» оқу-танымдық сайты https://iliasalemi.zhetysu.edu.kz Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арнайы қаржыландырған «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» (жеке тіркеу нөмірі АР 19680053) гранттық жобасы аясында жасақталған.

Зерттеу тобы

Жобаның ғылыми жетекшісі — Бас ғылыми қызметкер: Кыяхметова Шара Асетовна
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.                                                    Ғылыми бағыты: Ілиястану,  ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, Алаш дәуірі әдебиеті,  Жетісу өңірі әдебиеті және оны оқыту мәселелері. 100-ге жуық ғылыми мақаланың, оның ішінде 10  мақала  ҚР БҒМ  БҒССҚК басылымында, 2 мақала Scopus деректер базасына енгізілген шетелдік журналда (процентилі – 59), 5 мақала шетелдік журналдарда жарық көрген (Токио,  Польша, Ресей, Украина). 2 монография, 2 оқулық, 4 оқу құралының, 3 электронды оқу құралының авторы.
Жетекші ғылыми қызметкер. Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің  қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.                                                     Ғылыми бағыты: қазақ ауыз әдебиеті, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, этномәдени лексика. 80-ге жуық ғылыми мақаланың, оның ішінде 18 мақала  ҚР БҒМ  БҒССҚК басылымында, 4 мақала Scopus деректер базасына енгізілген шетелдік журналда (процентилі – 63, 64, 59), 4 мақала шетелдік журналдарда (Токио, Турция, Польша, Иран) жарық көрген.  3 монография, 3 оқу құралының авторы.
Аға ғылыми қызметкер. Имангазинов Мұратбек Мүбыракханович
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің  профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі.                                    Ғылыми бағыты: Ілиястану, шетел әдебиеті, қазақ әдебиетінің тарихы. 70-ке жуық ғылыми мақаланың, оның ішінде 8  мақала  ҚР БҒМ  БҒССҚК басылымында, 2 мақала Scopus деректер базасына енгізілген шетелдік журналда (процентилі – 35), 6 мақала шетелдік журналдарда (Қытай, Ресей, Польша) жарық көрген. 3 монографияның, 1 оқулықтың, 4 оқу құралының авторы.
Аға ғылыми қызметкер. Буланов Ержан Олжабайұлы
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің  оқытушы-дәріскері, тарих ғылымдарының кандидаты.                          Ғылыми бағыты: Қазақ хандығы, қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимі мәселелері және ХХ ғ. 1-ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. 46 ғылыми мақаланың, оның ішінде  11 мақала  ҚР БҒМ  БҒССҚК басылымында, 1 мақала Scopus деректер базасына енгізілген шетелдік журналда (процентилі-28), 1 оқу құралының, 1 оқу-әдістемелік құралының авторы.
Аға ғылыми қызметкер. Алдабергенова Айгуль Оналбековна
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Физика-математика факультетінің п.ғ.к., қауымдастырылған профессор.                         
Ғылыми бағыты:  білім беруді ақпараттандыру, программалау, цифрлық технологияларды оқу процесінде қолдану. 100-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 18 мақала ҚР БҒМ  БҒССҚК басылымында, 4 мақала Scopus деректер базасына енгізілген шетелдік журналда (процентилі – 26, 44, 58, 74), 2 мақала шетелдік журналда (Братислава, Москва) жарық көрген. 1 монографияның, 1 ұжымдық монографиядағы бөлімнің, 3 оқу құралының, 2 оқу- әдістемелік құралдың авторы.  
 Баратова  Мухаббат Нуржауовна
Торайғыров университетінің (ToU)  профессоры (доцент), филология ғылымдарының кандидаты. 
Ғылыми бағыты: . Әдебиеттану, филология, фольклористика. 100-ге жуық ғылыми мақаланың, оның ішінде 25 мақала  ҚР БҒМ  БҒССҚК басылымында, 10 мақала Scopus деректер базасына енгізілген шетелдік журналда,  2  монография, 2 оқу құралының авторы.
Ғылыми қызметкер. Мырзабек Нүрила Жұманқызы  
педагогика ғылымдарының магистрі. Ғылыми бағыты: этнографизмдер, этномәдени лексика. 3 ғылыми мақаланың,   1 монографияның қосалқы авторы. 

Жобалық топ құрамында қызмет атқарған магистранттар

Рахманова Айзада Кемелахуновна   физика-математика факультеті                7М01503 – «Информатика» білім беру бағдарламасы 2-курс магистранты
Тұрсынбай Назым Амантайқызы     гуманитарлық факультеті                     7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы 2-курс магистранты