Үміт-ай
Саусақайы салбырап,
Екі беті албырап,
Құлақайы құнысып,
Екі көзі жаудырап
Үмітім қайда жүр екен?
Ауызқайы шөмішіп,
Екі меруерт аузында,
Иекейі елбіреп,
Білекейі жауқазын ба?
Үмітім қайда тұр екен?
Алдымдағы ағаштың
Алдым қолға алмасын,
Алма екен деп алғаным –
Үмітайым болмасын?!
Асыл екі меруерт
Аузына салған кім?
Үмітайым тісі екен
Меруерт деп қалғаным.
1934 жыл.