Құтты болсын!

Азат қазақ әйелі,
Құтты болсын жорналың!
Жорналыңа жыр жазып,
Сізге сәлем жолдадым.
«Теңдігіңе» үн қосып,
Мен де талай толғадым.
Қуаттады мені де
Сен бақытты болғаның.
Теңдік кілті қолыңда,
Бақ  есігін аштыңыз.
«Сталиннің жолында»
Алға  қадам бастыңыз.
 «Сталин жолы» газеті, 1936ж., №2