Правдаға

Азаттықтың дабылды –
Аты жақсы «Правда».
Әлемнің нұр маягі,
Ұр дабылды, ұранда!
Бақ өмірдің нұрындай
Большевиктің қолында,
Тұрсын Ленин туындай,
Азаматтың жолында.
Нұрландырған қазақты
«Правдамыз», біз де шат.
Атын бізге ардақты
Халқым сүйген – хакиқат.
                                    1937 жыл.