Май жыры

Жер суы,
Майдың туы
       Ұрандаған.
Топталған,
Жауға аттанған,
       Құралданған.
Қызыл ту
Жер жүзін шу –
       Дүбір қылған,
Жер жүзі жұмыскері, бірігіңдер!
Тұтқында –
Жау қолында
   Ер қиналған.
Зарықты,
Жарық күтті
 Эрнест Тельман.
Майданға,
Шығаруға
  Жау қолынан
Жер жүзі жұмыскері, бірігіңдер!
Ту қолда
Шық майданға,
   Жинал, жан-жақ.
Оқ сайла
Қылыш қайра
  Жауыңа арнап.
Жер жүзі жұмыскері, бірігіңдер!
                                  1937 жыл.