Меніңше
Құйын сезім қусырып,
Құштарлық көз тұндырар.
Құштарлық көз тұндырса,
Ой қылмастан көз жұмар.
Құштарлық көз тұндырса,
Ой қылмастан көз жұмар.
Әр қылмастан құмарлық
Іздер бидің орны бар.
Ұғынған жөн әуелі
Жазалының жан сырын.
Жазалыны күйдірген
Жан бар шығар жасырын.
Құмарлық – жан жұмысы,
Соқса құйын кей-кейде,
Қалмайды ақыл, ән менде.
Мендей шығар бар пенде.
1923 жыл.