Қаламға

Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап,
Тек қағазға барыңды.
Отырмайды қол қарап,
Сен шақырсаң зарыңды.
Қайырылмасқа қайта айтып,
Кетірме, қалам, арыңды.
Білсін құрбың, құрдасың,
Қалам, сенің халіңді.
Зарланғанға құрбансың,
Дәметпе елден алымды.
«Тәуекел» деп аталған,
Айырылмай ұста талыңды.
Теріс болмас бата алған,
Есірке кемпір-шалыңды!
Жұрт пайдасын шет көріп,
Ойлай берме қамыңды!
Сырт қайласын еп көріп,
Тастай көрме ғалымды.
Ит етінен арман көр,
Жұрт бұзақар залымды.
Қағазда заула арман сөз,
Жас жүрекке жалынды.
                          1915-1916 жылдар.