Сөздің де сөзден жүйесі бар

Сөздің де сөзден соң жүйесі бар,
Жақсы сөзден ғибрат тиесі бар.
Басшы  қалай бай қалай,бектер қалай?
Ебін табар әр істің иесі бар.
Биесі бар әркімнің түйесі бар,
Қылар ісін қызыға сүйесі бар.
Сырын білмей сыртынан ұмтылғанның
Сүртілетін бетіне күйесі бар.
Жан болған соң тұрасы,жүресі бар,
Жақсы менен жаманның күресі бар.
Іштен шалып қапыда алып ұрып,
Шыға беріп артыңан күлесі бар.
Адамзаттың ата мен енесі бар,
Екеуінен жаралған денесі бар.
Талпынғанды талапты бәрін қойып,
Табиғатты біреуге бересі бар.
Оны ұрлаушы жақындап келесі бар,
Ол келген соң пенденің өлесі бар.
Буалдырсыз талапты таза жүрек,
Жаратушы жалғызға сенесі бар.
Өмірдің де тоқтамай желесі бар,
Рызық, қызық біраз күн тересі бар.
Жан иесі жәндіктің бар иесі,
Бір жинайтын машқарда кеңесі бар.
Жақсы жаман жәндіктің көресі бар,
Жақсы қызып,жақпаса өлесі бар.
Барған жағы жалғанның тиянағы,
Тас таразы тәңірдің төресі бар.
Жақсы,жаман айырып бөлесі бар.
Көне сауап алатын үлесі бар.
Жоқ жаманшылық, жоқ төсек түрлі бейнет,
Көтке салар күрзі мен дүресі бар.
                                                                              1919 жыл.