Замандасқа Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас.Шөлдеп тапқан судан басын ала алмас,Шөлдемеген суға басын сала алмас.Жаста білген, басқа сіңген тәліміңӨзің өлмей сүйегіңнен қала алмас.Жаста жақсы мінезді іздеп ала алмасОнда біздей хайуан тіпті жаралмас!«Іс Құдайда, ерік біреуде» дегенмен,Біз қозғалмай, жау жабдығын жаба алмас.«Құдай жазды, менде не бар» дегенмен,Мұның бос сөз, һешнені өкпең қаба алмас! 1915-1916 жылдар.