ҚЫЗ КӨЗІНШЕ НЕГЕ ЗАМЕЧАНЬЕ ЖАСАЙСЫҢ?
Науқан. Тығыз жұмыс. Тізгін ұшы осы заманның ботатірсек бозбаласы Омарұлы қасымда. Бұл бос адам емес, аудандық комсомолдар комитетінің үгіт-насихат бөлімі бастығы. Шалқардың шалқыған даласын шабуылмен Шалатай ауылына сау ете түстік.
Малшыларды шақыр, малдарыңды жина, санаймыз!
Неге?
Салықтан мал жасырыпсыз.