«ЖОЛДАСТАР» романы
ПРОЛОГ
Дала. Түн. Шуылдаған дабырмен оянып, далаға шықтым. Айдың өларасы еді. Көк көрінбейді. Бұлт қап-қара. Түпсіз терең түнде тұңғиық қараңғылыққырды көптен құшағына алған. Дауыл соғып тұр. Дала дүр-дүр етеді. Әлде желдің үні? Әлде елдің үні?..
Ауыл ауыр қараңғылықта. Шу шығады. Не шу? Әлде жел қамысқа соқты? Әлде жылқышы ысқырады?..
Жел ішінен жарықшақ дауыс естіледі: не дауыс? Әлде қойшы айтақтайды? Әлде қасқыр ұлиды?..
Дауыс сыңқ-сыңқ жылағандай: бұл не? Әлде бұлақ сылдырайды? Әлде сатылған қыз жылайды?..
Әлдекім зірк-зірк етеді: кім екен? Әлде жел қаттылады? Әлде бай малшыларына ұрысады?..
Дауыс мекіренеді: әлде қой маңырайды? Әлде бақсы ойнайды?
Үн күңіренеді: кім ол? Әлде молда аят оқиды? Әлде жарлының жалғыз сиырын ауылнай әкетті?..
Ауыл шулайды: неткен әбігер? Не қораға қасқыр шапты? Не ел жігітін майданға айдауға жарлық тарады?..
Немене? Не дауыс бұл?
Бұл дауыс әлде желден шығады? Әлде елден шығады?..
Жел күшейді. Дауыл қаттырақ соқты. Аспан астан-кестен.
Дала алай-түлей. Көк күркіреді. Найзағай шатыр-шұтыр етті! Нөсер шүмектеді. Жауын төгіп-төгіп жіберді, ел сарыны сар-сар етеді. Бұл не сарын? Әлде селдікі? Әлде елдікі?
Даң-дұң, шу молайып барады… бұл не? Әлде Ертіс бұзылды? Әлде ел дүрлікті? Жоқ, алыста теңіз толқи ма? Әлде ашынғандар ұран сала ма? Әлде ақ патшаны тақтан түсірді ме? Әлде майданнан қайтқан жігіттерге ел той қыла ма?
Мынау саңқ-саңқеткен кімнің дауысы? Біреу дабыл қаға ма? Әлде дауылпаз шақыра ма?..
Ия, ия, жақсылық! Бостандық… жел жаздікі сияқты. Мынау қылаңдаған таң ғой! Таң!.. Таң!..
Жоқ, жоқ… не боп кетті? Мен жаңылдым ба? Әлі таң белгісі жоқ екен… жел ұйтқып, терісіне шықты. Күн суытты. Қылау ұшқындады. Қар жапалақтады. Алай-түлей боран түтеді. Қыр қараңғы. Түн түнек. Қас пен көздің арасы көрінбейді…
Не дауыс бұл? Шу күшейді. Кім ыңыранады? Кім күңіренеді?.. Көк күрсіне ме? Әлде зеңбірек атыла ма? Жер ыңқылдай ма? Әлде бомба жарыла ма?
Дала азан-қазан. Әлде жел жынданды, әлде елге жау тиді?
Дала уһілейді. Жел ысқырады. Әлде ауылдың қойын ақ пен алаш әскері айдап барады? Әлде атамандар ел ерлерін атуға команда берді?..
Үн күңіренеді: бұл не? Әлде ауылды өлім басты? Әлде алаш қазіреті құран саулатады?..
Үн ыңыранады: неткен үн? Әлде атамандар мұжықтарды сойып жатыр? Әлде ауылдың қыз-келіншегін ақтар рәсуалайды?..
Үн күбірлейді: не бұл? Әлде Алаш ақсақалы батаға қол көтерді? Әлде төңкеріс ерлерінің етіне Колчак қамшылары шып-шып етеді?..
Бұл қай жер? Ел қайда? Жылы жел соқтырған жаз қайда? Таяу қалған таң қайда?
Кімдер шулайды? Не сарын?
Әлде жел қаралы? Әлде ел жаралы?..
Я сәт!
Жел оңына шықты! Дауыл қаттырақ соқты. Күркіреді. Найзағай шарт етті. Жел жылына бастады. Бұлт ыдырады. Жұлдыздар жылтырады. Уай, жарық дүние-ай! Қайдасың? Сағындық қой!.. Аспан жалаңаштанды. Жұлдыз жарығы жерге түсті. Таң таянды. Көк қылаңдады. Ауылдың алды-арты айнала айқын көріне бастады.
Па, шіркін! Соғып тұрған жаздың желі — қоңыр ескек екен ғой! Соқ, соқ, алтынкүрегім! Серпе соқ!..
Қашаннан қырды басқан соқыр тұман серпілсінші! Соқ, алтынкүрегім… күре даланы! Көптен көздей тесік тастамай даланы басып жатқан шірік қар көк соқталансын… сорғала жаздыңжауыны… Сорғала!.. Самарқанныңкөктасы жібіп, сары даланың суы сарқырасын!.. Алты ай қыстай ауырған қара жертерлеп, сел-сел болсын! Жүйе-жүйесі босасын!..
Соқ, соқ, қоңыр ескек! Саған төсімді ашып, бір сүйсінейін! Саған ел сүйсініп, қыр исінсін!..
Аспанның алыс жиегінде көрінген таң барған сайын жайылды. Атқан сайын қызарды. Аспанды алқызыл нұрға бөледі.
Бұл не? Неткен қызыл? Бұл қызыл жарық келе жатқан таң ба, шығып келе жатқан күн бе? Жоқ әлде көтеріліп келе жатқан ту ма? Қаптап келе жатқан әскер ме?
Я сәт! Бергейсің! Берді ғой тілекті: қызарған нұр екен! Күн екен! Ту екен!.. Ту екен!..
Ел дүрлікті. Ауыл апыр да топыр. Қорыққан да қуанған да бірдей. Ел алғашында сасып қалды. Ілгерілі-кейінді сапырылысты. Ерсілі-қарсылы ағылысты. Оттай қызыл таңға қарады. Нарттай қызыл туға қарады. Ту артындағы топ-топ қызыл әскерді көрді…
Ел үміті жарқ етті. Дауыл шақырып, бұлт қуған Дауылпаздың даусы ел құлағына саңқ етті:
– Тұрыңдар! Жауды қуыңдар!..
Ел қуанышында шек жоқ. Құшағын жая қызыл туға жөңкілді. Ұрандап, шулап біздің ел де қызыл қолдың алдынан шықты. Дала дүрілдеді. Алатаудың сайынан, Сарыарқаның белінен, Арал, Балқаш көлінен, Сырдың бойынан, қырдың қойнынан өре түрегелген өңшең жалбағай тымақтар тұс-тұсынан қалың қолға қосылып кетті. Ел мәз-мейрам…
Қызыл қол қырға қаптады. Қызыл тулар қыр аспанында бұландады. Дала қып-қызыл нұрға толды. Төңкеріс ұраны даланы дүрліктіріп, шынайы бостандық барабаны қағылды.
Қыр халқы қайнап, қуанышы көкке шарпыды. Жерді дүрілдетіп, қызыл тудың астында қызыл жорыққа бірге аттанды ел.
Уа, шіркін! Жеттік-ау бұл күнге!..
Қаптаған қызыл қолдың алдыңғы қатарында бірнеше адам көзіме оттай басылды. Өзіміздің жігіттер екен! Бес қару бойында, қызыл тудың соңында, майданның ішінде жүр екен…
–Жолдастар-ау, сендер қайда едіңдер?
–Майданда едік…
–Жігіттер-ау, сендер қашан кетіп едіңдер?
–Түнде кеткенбіз… біз кеткенде ауыл ұйқыда еді…
–Жолдастар-ау, ендігі беттерің калай?
–Бетіміз ілгері! Ілгері!.. Жау қуып барамыз. Ел бері тартсын. Тезірек ұмтылыңдар!.. Анау қызыл туға таман ұмтылыңдар!.. Ілгері!.. Ілгері!..
Қызыл ту көкке бұлқынды. Қызыл әскер ілгері жөнелді. Біздің ел де солай жөңкілді. Мен де ілгері ұмтылдым…
БАСТАУ
Бірінші тарау
Қоянды, жолың қатты, наның тәтті,
Айдаймыз ақсақ қойды, арық атты.
Айдаған осы жолға кедейшілік
Арқаның арқамызға қатты батты.
НЕ ҚЫЛАМЫЗ?
Жазғы түн. Кедей ауылдың ешкі-лағы қорасында бір уыс қана болып ұйысып жатыр. Көкке тойған соң, қара тіл болып көк жалаған сиырлар қазыққа байлаулы күйінде ыңқ-ыңк етеді. Бірлі-жарым шолақ кісенін сылдыратып, ауылдың артындағы өзекте оттайды. Тәжидің көк құнаны да соның ішінде. Ит үрмей, қоңыз ұшпай, түн тып-тыныш бола қалған бір мезгіл еді. Ауылдың көбі-ақ ыстығын ішіп, отын сөндіріп, төсекке кірген. Тек шеткі қараша үйдің қай жағынан қарасақ та оты жылтылдап, әлі жатпағандығын білдіреді. Оты бір басылып, бір жанады. Бұл үйдің сауыны қоңыр сиыр мен төрт ешкінің сүті өзінен аса су қосылып пісірілген. Ол сүттің ішкенінен қалғаны топатай шелекке ұйыта салынған. Көп ұзамайбұл үйдетынышталсакерек…
Жатуға ыңғайланып отырып Тәжи былай деді:
–Әркім-әркім қой алып, бағып жатқан көрінеді.
– Ей, балам-ай, бұраудың да сұрауы бар ғой. Есепсіз дүние бар дейсің бе? – деді Тәжидің шешесі Сәтбала.
–Неге, пайдасы болмаса бекерге біреудің аманатын ала ма? – деді Тәжи.
–Кім-кімдер алған екен?
–Имаш та, Сетік те, Сәрсенқұл да, Қазыбай да жиырмалап-отыздап қой алыпты. Пұшық Иса да бүгін «он сегіз тұяқ алдым» – деп айтып барады.
– Байғұс-ау, өзгенікі өзге, пұшық қайтеді оны? Біреудің малын бақпақ түгіл өзінің аяғын алып жүре алмайтын шу аяқ сорлы. «Қашарыңда қашарсың, лақтарында қайтерсің?» деп, алмақтың да салмағы бар емес пе…
– Қыс жақсы болса қайтеді? – деп Тәжи езулеп болмады. Шешесі аз отырып:
– Онда сенің де «алсақ» деген ойың бар ма? – деді.
– Тап «алсақ» деп жіп тағып отырғаным жоқ. Тегіндегісін айтқаным ғой… Жанның бәрі алып жатқан соң…
Тәжи отбасын шұқылап біраз отырды. Оның ойға қалғанын сезіп, шешесі де жауап қайырмады. Не мезеттен соң:
–Қайдан білейін, балам, өзің білесің, – деді. Тәжи бағанадан бергі екіұшты сөзінің бір сабағын тапқандай болып сөзге кірісті:
–Апа, мен екі ойлы болып отырмын. Бірсыпыралар қой алып бағатын болып тіршілік істеп жатыр. Ал қыстай біз не қыламыз? Жер шөбі бар. Сатанды биыл біреуге жүргізбей-ақ үйде ұстасақ деп едім. Былтыр Әділханға жүргіземіз деп жегеніміз желкемізден шыққандай болған жоқ па? Не киімге, не тамаққа жарытпай, дертті болып кете жаздады. Онан да осы жұрт алып жатқан қойдан біз де алып бағатын болсақ, айына серкештен жалға жүргеннен тиімсіз бола ма деп көңіліме келеді. Тегі, ойласайық дегенім ғой…
Сатан ағасының бұл сөзін төсекте жатып тыңдады. Оның ойына әлденелер түсті:
«Үйдің іші мені Әділханға былтырғыдай жүргізер ме екен, жоқ өзге біреуге берер ме екен? Егер жүргізетін болса енді кешіктірмес, кімге жүргізсе де, бірақ Әділханға бармасам екен. Ай, Әділханның үйі-ай! Татты-ау таңдайға… Біздің үй мына қойды алатын болса, онда менің өзге біреуге жүрмегенім ғой… үйде боламын да. Үйде болсам жақсы болар еді. Егер бұл қойды алмаса, онда Сатан бұл үйде отыра алар ма екен? Қысқа қарсы біреуге ақыр жалдайды ғой… Онсыз біздің үйдің лажы бар ма?..»
Сатанның үйінен ұзап шығып, жігіт болып жалшыға жалданғаны өткен жылы ғана. Ол Әділханға жүріп, қой баққан. Баққанда, тек аты қой бақты ғана болмаса, қоймен қоса талай ауырлықты көтерген. Толып жатқан қызметтерді атқарған болатын.Алғаш кісі есігіне жүрген жас жалшыда қақас ой, қалытқы мінез бола ма? Бас білігі тайлақтай бала қойшыны көрінген кісі жұмсап, мейлінше мінген. Ерте өргізіп, кеш қайтаратын үш жүз қойдан басқа суға да, отынға да, ауылдың атын суғаруға да, күл шығаруға да, итке тамақ құюға да үлгіретін осы Сатан еді. Әсіресе,төренің тоқал қатыны бала қойшыға жайсыздау тиген. Сөзге ілінісіп біржола иықтап алған. Тіпті, кейде тарылып кеткенде «әкеден жібереді» дегенді де сырттан естіп, Тәжи інісінің алты айдан әрі қалуына ырзаласпай, қой қоздап болған соң, Сатанды үйге шығарып алған.
Сатан содан бері үйде. Екі айдан бері мойны босап, ерте жатып, кеш тұрып, кедей кербездіктің біразын істеп, домбыра тартып, ауыл қыдырып, аунап-қунап, көңілі көбеңсіп қалған еді. Сүйтіп жүрген Сатанға Тәжидіңтағы қылтылдатып отырған міне бір «қой алу» деген сөзі бостаншылығын тағы жойып, басын байлайтын сияқтанды.
Бірақ ол қанша ойласа да өзін енді ойынның баласы емес, жұмыстың жігіті деп сезе бастаған еді. Тәжи ағасы тағы біреуге жалдап бермей, мына қойды бақтырса, қайта Сатан жанына жағымдырақтимекші. Онда Сатан үйде болады. Біреудің отымен кіріп, күлімен шықпайды. Киім-кешегі жаман да болса, жыртық болмайды. Мынау шешесі жыртылған жерін бүтіңдеп отырады. Төңіректегі үйір құрбыларыменбіргеболады. Сондықтан Тәжи мен шешесінің қой туралы сөйлескен сөзін Сатанның құлақ түре тыңдайтын қисыны бар еді. Ол сөз аяғы неге соғар екен деп ентелене тыңдады.
– Сонымен біз де қой алып бақсақдейсің бе?–деді шешесі.
– Менің ойым осыған құлап отыр, ақылдасқанымыз ғой, апа, – деді Тәжи.
–Сатанның үйде болғанын мен де жек көрмеймін. Өлім бар да қаза бар… бір жерде болғанға не жетсін? Жалғыз-ақ менің ойыма келетіні – алған аманат қойды аман-есен бағып, қыстан шығара аламыз ба?.. Жауға, жұтқа ұшыратып, борышқа байланып қалмасақ деймін…
–Менің алғым келеді. Көппен көрерміз, апа, жұрт алып жатыр ғой…
–Өзің білесің, балам, –деп, шешесі түндік жабуға тұрды.
Сөз тұжырындысы болған сияқтанды. Тәжидің ақылдасатыны шешесі еді. Шешесінің «өзің білесіңі» – қойды «алсаң, алдың» ырзалығы еді. Мұны Сатанның іші сезді де, бүркене беріп жымың етті.
Алакөлеңкелі түндегі оттың жарығындағы кедей үйдің қабағын салбыратып ойға қалдырған «не қыламыз?» Сәтбала кемпір бақанының басына ілініп көтерілген түндікпен бірге бұрқ етіп тысқа шығып, тыныс бергеңдей болды.
От сөндіріліп, түңдік жабылып, үй іші ұйқыға кетті.
АҚ ВЕКСІЛ
Таң атты. Күн шықты. Ауылдың азын-аулақ қой-ешкісі, артыңда қалған қозы-лағына маңырай-маңырай өріске кетті. Ауылдан аяңдап шыққан сиырлар қоқтыларға түсіп, қияқтарды ұзын тілімен орап, бауыздауға кірісті. Қоңыздар дырылдап ұшып, шыбындар быжылдап, жан-жәңдік тіршілік талабына ұмтылды. Топатайдағы шалап-айранның беті ашылып, тостағанға құйылып, қараша үйдің іші оразасын ашты.
Күн шығысымен-ақ жалақ жауырына үймелеген шыбын-шіркейдің әлегінен сипанып оттамай қалған көк құнанның кісені алыңды, үстіне ер салынды, оның белуарына мініп, тарс қамшыланып Тәжи тағы жәрмеңкеге жөнелді. Біраз жүрген соң ұзын жолға түсті. Базарға бара жатқандардың біріне-бірі қосылып, біреулер озып, біреулер кейіндеп, жәрмеңке жатқан жердің кезеңіне шықты.
Тәжи қырсау көк құнанмен кезеңге шыққанда, жәрмеңкенің қайнап жатқан кезі еді. Кең алап. Жан-жағы қоңыр-қоңыр белең, аяқ жағы жарқыраған үлкен көл. Көлді айнала жапырлай қонған ел. Жәрмеңкенің өз көрінісі мына белдің үстінен қараған Тәжиге жылқының иіруіндей қайнап жатқан қара құрық жиын екендігі ғана байқалды. Ортасында ағарған шатыр үйлер, жыпырлап тігілген үй, ұзын сырғауылға орнатқан жәрмеңкенің жасыл ала жалауы ғана алыстан көзге айқындап көрінді.
Тәжи көк құнанды тебіне-тебіне жәрмеңкеге кірді. Ерсілі-қарсылы жосылған аттылы-жаяу, арбалы кісі, топырлаған төрттүлік мал, ағылып жатқан жүкші, жүргінші жол бермейді. Жәрмеңке шаңы аспанға шықты. Көшелеп тігіп тастаған үйлер, шатырлар, есіктерін ашып тастаған, үлкенді-кішілі үңірейген лапке, дүкендердің үңірейген түрі Тәжилерді «көк құнаныңмен қоса жұтам», – деген жалмауыз сияқты. Түйе бақыртқан, тері сүйреген, аттың тісін ашқан, қой қосақтаған, кездеме кездеген, бақал қыдыртқан адамның алыс-берісі құжынап, бейне қара құрттың ұясын еске түсірді.
Тәжидің күңде келетін базары бұл. Бір тиын саудасы болмаса да, көк кұнанмен күнде осыңда келмей көңілі көншімейді. Ол біресе мал базарына барады, біресе үлкен магазиннің ішіне кіреді. Біресе қымызшыға кіріп, біреулермен дәм татысып қалады. Біресе көк құнанның үстіңде ұзақ күнге салбырап жүреді де қояды. Ерні кебірсіп, кешке шейін каңғырады. Тәжидің базарға келгендегі ең керекті нәрсесі – қымыз бен насыбай. Кейде осы екеуіне де ақшасы болмайды. Ақшасыз кісінің базарда маса кұрлы қауқары бола ма? Қым-қиғаш қырғын соғыстың ішіне құр қол кірген кісідей көрінгенге көзтүрткі, мүгедек адам болады да қалады.Тәжидің көп жүрісі осы. Тек сорлы көк құнаңды күңде оттатпай,көзі сүзіліп, кешке үйіне қайтады. Бұл бір Тәжи емес, сол төңіректегі көп қазақтың күні сонымен өтеді. Тәжи бүгін базарғабос келген жоқ. Өзінше үлкен жұмыспен шыққан. Сондықтан ол бүгін күндегідей көшенің келген жерінен салбырап жан-жағына қараған да жоқ, құнанды қузай қамшылап, тура базардыңшетіңдегі әдемі ақ үйлерге, абылайшаларға таман тартты.
Бұл қатар Жетісу байларының жатқан үйлері. Жылда Қоянды жәрмеңкесінің базарын бермейтін Матайдың байлары: Сарман, Ырысбек тұқымдары –осы қостар. Байлардан Қапалдың Шаяхметі, Шұбарағаштың Құсайыны, Ақсудың Абырамы, Қызылжардың Сүлеймен, Сыдығы–бәрі де өңшең қу мүйіз саудагерлер, қойлыкөпестер. Жәрмеңкеге түскен жүн-жабағы, қыл–қыбырдың қожайыны осылар. Тәжи осылардың алдынан көк құнанмен көктей өтіп,Шалматайдың қосының артындағы мама
ағашқа келіп торс етіп түсе қалды. Атын байлап, қостың алдындағы кездеменің ортасындакеңірдектепотырғанкөпкісініңқасына келді.Жайғандары қағаз, қаққандары шот, көпке шейін Тәжиді ескерген кісі де жоқ. Ол көзі жаудырап есік сыртындаотырды да қалды. Осы кісілердің барлығын да қабағына қаратып, жастыққа шынтақтап, шот қағып жатқан жасыл барқыт тақиялы, арық қара сұр саудагер қазақ – Тәжидің іздеген адамы осы еді. Оған жұбаптаса алмаған соң, оның аузының босауын күтті.
Көп күттіріп, мырза далаға шыққаңда, Тәжи жұмысының сәті түскендей, сөйлесуге айналды. Сәлем берген соң, сағат бауы салбырап тұрып, қусырылған танауымен тыныстап, сұр қажы Тәжидің сөзін тыңдады:
– Мен сізге келіп едім.Қаракесекпін. Ауылымыз осы тұста болады. Әділхан төрелердің жақынымыз.
–Не жұмыспен?
– Нашар адам едік. Әйтеуір, «балдан тамады, байдан жұғады» дегендей, сіздерді тыныс көріп, үйден аяңдап шыққаным…
–Не қажет?
– Біздікі- ақ кедей қарекет қой… Сіздер аманат бағуға қой қалдырып жатыр деген соң, жұрт қатарлы мен де азын-аулақ қой алып, бақсам деп едім…
– Жерің қандай?
– Жеріміз шұрай, мынау көрінген кереге қоңыр тау. Қыста қар жатпайды. Күнгейдің бәрі жайылыс болады… – деп Тәжи қолымен тауды нобайлай бастады.
– Кепіл табамысың?
Тәжи бөгеліп қалды. «Кепіл» деген салғаннан Тәжидің ойына оңай түсе қоймайды. Бұған кепіл боларлық кісі кім? Әділхан ба? Нұрбек пе? Олар қалай кепіл болсын? Бай сөздің соқасын өзі түзеді:
– Сенің әкең аты кім?
– Бөлеген. Менің әкем сіздерге дәмдес болған, сіздердің
малдарыңызбен әлденеше рет осы Қояндыға келіп жүрген… Әкем марқұм сіздерді аузынан өлгенше тастамай кетті ғой…
– Е, сен шұбар Бөлегеннің баласымысың? Білеміз әкеңді. Байғұс адал адам еді. Сен неше ағайындысың?
– Екеуміз. Ер жетіп қалған інім бар.
– Егер кепіл таба алмасаң, былай да азырақ мал қалдыруға болады. Бұрын дәмдес болған адам екенсің…
– Өзім де соны тыныс көріп келіп едім. Расында Шалматайдың кепіл сұрағаны – бергенін бұлдап беретін әдісі еді. Ол Тәжиден кепіл сұрап, қой беруді қиындатпақ түгіл, қалайда қойын аманат бағуға үлестіруге өзі де ниетті. Байдың аманатқа беретін қойы да оншалық құнды қойлар болмастан, базарға жарамай қалған ақсақ-тоқсақ, ауру – бұрақ қойлар болатын. Байлар мұндай қойларды жылдағы жәрмеңке тарқарда аманатқа алушылардың аты-жөнін жаздырып, нотариус алдында бағам деген кісіге ақ вексілдеп бере беретін.
Жәрмеңкеге қойды көп әкелетін көпестің бірі – осы Шалматай. Тиыннан тиын туғызған қутұяқ саудагер. Бұл жәрмеңкеге жылына жетпіс мыңнан кем қой салмайды. Ол қойлар қалайкұралады десеңіз – тарау-тарау жолдармен келіп жиналады. Бойдақтың бірсыпырасы қолма-қол ақшаға алынған. Ол ақша түрліалушылардың қойны-конышында жүріп, талай елді аралаған болады. Әрине, ондағы қой алынған баға – мұндағы бағаның үштенбіріне де жетпейді. Қойдың енді бірсыпырасы – қажының қос-қос койының қозысынан өскен бойдағынан кұралады. Қойдыңенді бір тобы – өткен жылғы сауданың несиесінен жиылады.Қойды жаз шығарып беруге кездемеден, шай-қанттан, бас, ұлтаннан бай несие берген болады. Қойдың төртінші түрлісі – «қызылқозыдан» құралады. Ол «қызыл қозы» дегеніңіз – тумақ түгіл,әлі күйегі алынбаған қошқардың беліңдегі қозыға байлар теңгелеп-тебендеп ақша берген болады. Ол ақшалар өзінен- өзі қоздап, бұзаулап, мал боп, Шалматайдың жәрмеңкеге айдар кезіндемаңырап, мөңіреп, жидашының алдына түседі. Одан арғы қойлар кезден кертіп жеп, қолма-қол сатқан товардан, даудан өнген,көпиелі малдан, бірі екі болып өндірілген тілхаттан, айып-анжыдан, күнде балалаған парадан, қойшы-қолаңшының ақысынан,тағы-тағы басқалардан сәті түсіп, өніп, қорланып, қой болатын еді, бұл қойлардан басқа мыңдаған ірі қарамен, банкені буындырған ақшамен, тері-терсекпен, жүн-жабағы, қыл-қыбырмен келіп,Шалматайлар осы Қоянды жәрмеңкесіне килігетін еді.
Жәрмеңкеде жаздай жатып, малын саудалап, базарды қолдан таратып, көп товармен Шалматай сықылды Жетісу байлары кейін қайтатын еді. Қайтарда саудадан бұрақ салған ақсақ-тоқсақ, ауру қойларды ондап – жиырмалап, Қоянды маңындағы елге ақ вексілдеп тарататын еді.Мына Тәжидің Шалматайға келіп, «аламын» деп өтініп отырған қойы осындай брак қойлар еді.
Тәжидің жолы болды. Шалматай бай «кепілсіз-ақ жиырма қой берейін», – деді. Аяғы құрттаған ақсақты, күркілдеп жөтелген көксауды бағып-қағып, жұттан аман, жаудан түгел келесі жәрмеңкеге сатылуға дайындап тұруға Тәжи міндеттенді. Қой жоғалса, өлсе – төлеулі. Байдың бұл қойлары суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын бір жаны темір қойлар болды. Бұл қойлар ақ сүйек боп жұтатқан қысты да қыстырмайды, топалаңдатып ауырмайды да, қасқыр жесе де өлмейді. Ұрғашы қойдың өсімін және санайды. Ақ вексілмен құны кесулі тұр.
Ал Тәжидің вексілді қойды баққандағы ақысына алатыны үш қой және қойдың күзгі жүні. Осындай шартпен Шалматай әлденеше жүздеген бұрақ қойды Қояндының айналасындағы арғындарға таратып болып қалған еді.
Шалматай Тәжиге довернейін қосып нотариусқа жіберді. Аузы астығын алған ұрадай опырайған кәрі нотариус Тәжиден аларын алып, жиырма қойды ақ вексілге қондырды.
Тәжи іс біткен соң, Шалматайдың өрістегі қойынан қой алуға көк кұнанға ашасын артып, қырға шықты.
БАЙҒА НЕ АЙТАМЫЗ?
Тәжи ауылына қайтып келеді. Өңшең ақсақ, соқыр, тентек, көнтек, құрттаған қойлар жолда жүрмей, көп азап шектірді. Ақсақтың аяңымен отырып, ымырт жабыла ауылына азар келді. Байдың базар сілікпесі өңшең сұңқадам қойлардың түрінен Тәжилердің бес-алты ешкі-лағы пысқырып, біраз жатырқасты. Сөйтсе де есік алдындағы қой басы құралып, қараша үйлердің қорасы қорланып қалды.
Тәжидің үйіне қоймен бірге азап та келді. Сатанның шешесі сол түннен былай түнгі күзетке белін буып кірісті. Таң атқанша кірпік ілмей, жұлдыздарды батырып, таңды атырып, күнді көзінен шығарды. Күндегідей мамырап жатқан Сатанды оятып:
– Тұр, қарағым, тұр! – деп күндегісінен ерте оятты. Сатан ұйқылы көзін аша алмай:
–Апа-ай, кішкене қоя тұршы! – деп маужыраған еді, шешесі:
–Тұр, созылмай: «белгілі қойшың жоқ болса, беліңді бу да қойға бар!» – деді. «Қой» деген сөз ұйқыны шайдай ашып, Сатан салбырап түрегелді.
Содан былай Сатанның күндегі күні осылай болды. Сатан аманатқа алған брак қойларды жаздай бақты. Міне, жаз өтіп, жер шөбі қурап, күзболуға да айналды. Қойдыңсаныбарған сайын құлдырап, азая бастады. Аз ғана қойды айналдырушы көбейіп, басына қарай шығыны аз болған жоқ. Тәжи, Сатандар қанша қақақтап, аманат қойдан қорқып, жаны қасам болса да, қой басынаман сақтай алмады. Ойдағы жоқ жерден пәле-қазаға ұшырап, жөні табылып кете барды: алдымен тығыршық мүйіз құрттаған көк тұсақты сиыр сүзіп өлтірді. Боз ісекті қасқыр жеді. Ала саулықтың желіні ісіп, жарылып, жаздай құрттап, қатып барып өліп кетті. Күзге таман үш қойды, Тәжидің сиырын қоса, ұры әкетті. Кер қасқа тұсақ қақтығып, Әділхаңдардың қойына кетіп қалып, аяғы ол да табылмады. «Сірә, жеп қойған шығар» – десті. Ел күземін алып жатқанда Сатанныңшешесіне сүзек сап ететүсіп, өлім аузынан қалған соң, көнтек көк азбанды қалжаға жеп көтерілді. Көп жылдар көрмеген Тәжидің заводтағы қарындасы амандаса келген соң, оған тышқан мұрнын қанатпай қалай отырсын,солтақ ісек соған сойылды. Екі қойды шаңырақ ақшадан қысылған соңТәжи қалаға апарып сатып, рамат ақшасын төледі. Қыс келгенсоң қазақтілінтістеп қызылсызотырама?Тентектен жазылған көктөбелқұнанқойдыСатанүйісорпағасойды.Сүйтіп, қой алғаш қолынакелгеңде қалтырапкүткенТәжилербарғансайын еті үйреніп, қорадағы қой қолдағы ақшамен бірдей болып, ақ вексіл екендігі естен мүлде шығуға айналған еді.
Сонымен, Сатан жайған жиырма бұрақ қойдың жан-жағынан тиген қасқырдың тісі, ұрының қолы, қонақтың пышағы,ауылнайдың мөрі, аурудың шығыны, кыстың аларманы – бәріараласып, бұлар қыстан үш-төрт-ақ қой алып шықты. Сатан үйінің мұндай аманат малды азайтып алғанына көңілдері қаттықабаржып, байға қалай есеп берерін білмей қысылатын еді.
Жәрмеңке ашылып жатыр, енді байдың адамы келеді. Тәжилерден қойын сұрайды. Қойдың орны жоғын қайдан табады?Немен толтырады? Бәрінен бұрын ұяты қиын! Өткен жылғы қолқалап сұрап алғандай болған аманат қойды жып-жылмағай жеп қойған сияқты болды-ау. Қалдырған қойдың бәрі ауру-ақсақ, жаман бұрақ екені бай есебіне енді кірмейді. Вексілдегі шарт бойынша санап отырып, Шалматай малын толтырып алады. Бірақ Тәжилер оны немен толтырады? Байдан қалай құтылады? Әсіресе,қара сұр мырзаға қой туралы Тәжи не айтады?
Міне, жаз жақындаған сайын Тәжилерді осы толғақ қысты.
БҰРАҚТЫҢ СҰРАҒЫ
Тағы жаз шықты. Көк желкілдеп, мал төлдеп, дүние тағы гүлдеуге, өсуге, масайрауға қол қойды. Қоянды жәрмеңкесі басталатын мезгіл жақындап, жан-жақтағы ел жыбырлай бастады. Тек бұл жәрмеңкені жыландай жек көретін үй – ол да Тәжидікі еді. Жақсы-жаман «жәрмеңке ашылады» деп құлағын түріп, қуана сөйлесе, Тәжидің үй іші жәрмеңке жақындаған сайын толғағы жиілеп, жанына бата бастаған. Сор орнап, қырсық қаптап, берекесін кетіретін сияқтанады. Ақ вексілі жалаңдаған сұр мырза, айдаған шабарман көздеріне елестейтін еді.
Көп ұзамай жылдағы мезгілінде жәрмеңке ашылды. Шалматайлар былтырғыдан бес-он күн бұрын да келіп қалды. Келісімен жан-жаққа жидашы шаптырып, есеп кітабындағы ақ вексілдің аманат қойын жидыруға кірісті. Мұндай жидашының бірі мойнындағы сөмкесін салақтатып Тәжидің үйіне де келіп жетті.
Тәжи үйде еді:
–Аманат қойды айдап жеткізіп беріңіз… Базардың алдыңғы қатарына қажы қойлары түспекші, – деді. Бұған Тәжи недәуір күрмеліп тұрып:
–Қолдағы барын айдап жеткіземіз, бірақ бай алдында үлкен ұяттымыз. Қойы түгел емес. Азғана қойдың шығыны болды, –деп күмілжітті.
–Барын жеткіз! Қалғанын бай алдында жауабын айтарсың! – деп жидашы жігіт жөнелді.
Бірақ Тәжи бай алдына бара алмады. «Не болса да болары болды» деп, қалған төрт-бес қойды шошайтып айдауға дәті шыдамай, үйінде жатып алды. Бұл арада бірнеше күн өтіп кеткен соң және қой хабарын толық естіген Шалматай Тәжилердің ауылнайы арқылы повестка жібертіп те үлгірді. Тәжиді повесткамен ауылнайға айдатып алып, бай алдына келген Тәжиге қаһар тікті:
–Сен қойды құртқанынан бұрын келмей жатып алғаның қай менмендігің? –деді.
–Ой, байеке-ай, нашар адамбыз ғой, келгеніміз-ақ осы болды.
–Мен үшін нашар болыппысың? Кәні, осы жерден табан аумай, қойды түгенде, өйтпесе жегеніңді желкеңнен шығарамын, – деп, зірк-зірк етті.
Тәжи құрдай жорғалап жерге кіріп кете жаздады. Ол байдың бетіне қарай алмай, жер шұқи берді. Тек міңгірлеп айтқаны:
–Бай, біз сіздің малдың күтімінен аянғанымыз жоқ. Жарғаққұлағымыз жастыққа тимей бақтық, қақтық, қайтеміз, дерткеұшырады, қасқыр жеді, ауру алды, жұт болды… Әйтеуір, бүгінсіздің алдыңызға абиырлы болып келіп отырғанымыз жоқ.Оның несін айталық. Қолымызбен істегенді мойнымызбен көтереміз де; не қылсаңыз да біз өз нашарыңыз. Не қылып алам десеңіз деқолыңызда, –деп Тәжи Шалматайға жалынып, жік-жапар болды.
Бай көпке шейін илікпеді. Тәжиді артынан көп ергізді. Араға кісі салғызды. Аяғында ырғаса келе Тәжи бар қойды беріп, жоқ қойды телеу туралы мынаны айтты:
– Жалғыз көк құнаннан басқа берерім жоқ. Мұны алам десеңіз дайын.
– Көк кұнанынды үш қойға да алмаймын. Жеген қойларыңның біреуінің екі-екі қой болғанын есептемеймісің?
– Құнанды сатып төлейін.
– Қалғанын қайтесің?
– Ер жеткен інім бар. Қызмет қылып өтесін…
Қажасып отырып, осыған бай азар көнді. Тәжиді нотариустың алдына алыпкеліп, ақвексілдіқайтажаңалатып,Тәжигеқол қойдырып, бекіттірді. Істеген шарт: жігіттің айы үш сом, көйлек,дамбал, шалбар, бір қабат сулық бермекші. Бағатыны қой.
Сөз осыған байланды. Тәжи үйіне келіп, аманаттың аяғы немен тынғанын естіртті. Бұрын қасындағы Әділхандарғажүргізуге алыс деп үйінен шығарғысы келмей отыратын Сатанға Жетісудың тұз-дәмін татуды жазған екен ғой деп, шешесі көзінің жасын іркіп алды.
– Қой, апа, кұдай жанымызды тірі қылсын, борыштан құтылайықшы, -деді Сатан.
Ертеңіне Сатан шешесімен қоштасты. Тәжи көк құнанға мініп, Сатан жаяу, қалған бес қойды айдап, базарға келді. Базарда кешке шейін тұрып, көк құнанды бес бойдаққа айырбастады. Тәжи ер-тоқымын арқалап, екі жаяу алдына он шақты қой салып, байдың қосына келді.
Шалматай кешегідей емес, қабағын жазып қарсы алып, Сатанды қой басына жіберді.
Тәжи ер-тоқымын арқалап үйіне қайтты.
ҚОЙШЫЛАР ҚОСЫНДА
Көкқия бір құтты тау, күні маужырап, күнгейіне асықтай қар жатпайды. Шөбі шүйгін болады. Бозғылға семірген қойдың сүбесіне пышақ жетпейді. Қашпаған тоқтысы қалмайды. Бойдақ қой қыстай ойнақ салып шығады.
Әсіресе, Көкқияның қысы биыл төтенше жақсы. Міне, наурыз таянып келеді, әлі ың етіп боран соққан жоқ. Жердің шаңы бұрқырайды. Осы таудың сай-сайының бәрі қора-қора отар, байлардың қойы. Күйлі қой арамза қоздап, қойшылар уыз ішіп жатыр.
Сатандардың қосында төрт жігіт. Қатар екі қора. Мың қой. Төрт жігіттің екеуі қойшы. Біреуі – бақыршы, бірі – Сатан ол қора күзетеді. Қасқыр қатты. Кейде айқайлап тұрғанда қораға қойып кетеді. Сатан шиті мылтықты қолына алып, айтақтап, түнімен қораны айналады да жүреді.
Сатан күзетке шыққанда, айналасындағы үңірейіп тұрған құз-құз коңыр таудың ішіне жан кіргізеді. Оның сұңқылдатып салған әні, созып айтақтаған әдемі даусы қоңыр тауды күңірентіп, сыбызғыдай шығады. Ол айтақтағанда жәй «айт-айт!» дей салмай:
–А-а-йт-а-а-й-а-ай!–депқоңырлатып бастап, шырқатып
көтеріп, төмендетіп түсіріп, қоңыр қайырыспен жайлап тоқтатады. Мұның бұл айтағын естіген кұлақ тағы-тағы дегендей, тыңдағысы келіп сүйсінетін еді. Айтақты Сатанша саламыз деп әуреленіп, тамағын жыртатын қойшылар да аз болмайтын. Ол сол көркем даусымен таудың тыныш түндерінде кұзды жамыратып, тауды жаңғыратып, жақсы-жақсы әнге салып, көңілін көтеретін еді. Ол көңілін көтергенде – шерін шығарып көтеретін еді. Сатан міне, шерін шығарып, қораның желкесіндегі шоқы тастың үстіңде тұрып, әңді соқтырып тұр.
Қоянды, жолың қатты, наның тәтті,
Айдаймыз ақсақ қойды, арық атты.
Айдаған осы жолға, кедейшілік,
Арқаның арқамызға қатты батты… –
деген сияқты өлеңдерді Сатан ойдан да соғады. Домбыраны да қоңырлатып жақсы тартады. Арқаның атақты әншілерінің әндерін олардың өзінше сала алмаса да, ізінше сала алады.
–Ей, Арғын, қақсамай мұнда кел! – деді қостан Жамантай деген шал қойшы.
–Е, не бар? –деп Сатан дауыстады.
–Жүр! Жүр деген соң жүр!
«Бұлар не айтады?» – деп Сатан қосқа келді. Онда кеше қасқыр тамақтаған үлкен құнан қойды қазаншы ұстап тұр екен:
–Ыллай омим! – деді.
–Әй, бұларың не?
–Мұнымыз осылай, соямыз… сенің сорпа ішкің келмей ме?
–Әй, сендер өлмейтұғын қойды неге соясыңдар?
–Неге өлмесін, қазір өлтіреміз! Көп сөйлемей бата қыл! –деді Жамантай жалмаңдап.
Сатан арғынсынып қойға бата қылды. Қойшылар алып ұрып бауыздап, союға кірісті.
– Бұйырған малға тіс тисін деген, жарықтық осы мыңның ішінен бізге бұйырғаны да… Жолың болғыр көксерек анда-санда өстіпсоғым сойып беріп тұрса, бізге сірә теріс болмас еді-ау,- деді Жамантай.
Сатан қойға бата қылып, қайта далаға шықты.
–А – а- айт, а-ай-й!– депсозып, бунақтатып қайырып, шоқы тасқа мініп отырды.
Қой сойылып жатқан қостың оты аңда-санда жалп етіп шаңырағынан шығып, жалындап басылады. Сатан әр түрлі ойда:
«Мыналар әлгі қойды бекер сойды-ау. Тіпті өлетін қой емес еді. Сылтауы– қасқыр тамақтаған; оттай алмай өлді» деді. Оны олай емес деп байдың алдында куә болар кім бар? Бүйтпесе жалшы бола ма. Байдың жалшыға сенбейтіні, жалшыны жарытпайтыны да осы-ау. Мейлі, не болса, о болсын! Қыстай етсіз болғанымыз жоқ. Қара қостағы қойшылардың қолынан бұдан басқа келетіні жоқ та ғой…»
«…Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ – екеуін аңдыстырған құдайым-ай…» – деген осы да. Қалайда тамағымыз тоқ…
Осыны ойлап отырып ол айтақтап қояды. Оның ашық даусы сүт пісірімге созылып, сырнайша сылдырайды. Оның аузы ғана айқайламайды, оның аузы айтақтағанда ойы әлдеқайда! Арқаның белес-белес жерлерінде, орқаш-орқаш тауларында болады. Ол арқа туралы, елі туралы көп өлең шығарды. Ол өлеңдерін жақсы, сазды әндерге салады. Ол әндерді өлеңімен талай адам тыңдап, талай адам таратып алып кетті. Оның көп өлеңінің бірін Жамантай жаттап алып, ылғи ыңырсып жүретін:
Айрылдың Сарыарқадан, Сатыбалды,
Тәжи ағам хат-хабарсыз жатып алды.
Сарыарқам жерін басып, суын ішкен,
Ақ вексіл, амалым жоқ тартып алды… –деген еді.
Сатан Көкқиядағы қысты таңды күзетпен, күзет өлеңдерімен өткізді. Ұзақ таңдағы күзетте отырып ол нені ойлайды:
«Өлмеген құлға бәрі жақын. Міне, аздан соң қар кетіп, жаз шығады. Қой қоздап, құс келеді. Күн қызып, көк жетіледі. Ел айран ұйытады. Бір жылға деген ақ вексілдің күні де толады. Қоянды жәрмеңкесі және басталады. Жәрмеңкеге байлардың малы айдалады. Сол малдармен бірге Сатан да жаны аман болса ілесіп, Сарыарқаға қайтады. Уа, шіркін Сарыарқа-ай! Бетегесі көк шашақтанып, сандал таулары көк ала жасылға оранып жататын еді-ау! Әттең дүние-ай! Ұшарға қанат болсашы!» Міне, Сатан осыны ойлады.
БАЙДЫҢ ҮЙІНДЕ
Жаз биыл ерте шықты. Көкқияның тауы көктеп те қалды. Күйегі біткен қойлар құралайдың салқынында қозыны төге салды. Етектің де жерінің сағыры ширап, таудың тобылғысы көктей бастады.
Сатан салып ұрып, Сүттігеннің сазындағы Шалматайдың ауылына келді.
Шалматай ауылы әлі тамнан шықпапты. Қысқы көк үйлерінде екен. Қойдың қосынан мінген сарыала шолақты қораға байлап, байдың шатырлы көк ала үйінің алдына келгенінде, Сатанның мұрнын ас үйдегі сорпа-судың иісі жарды. Сатан сонда кірді. Ысылдап-пысылдап, қазанның астындағы қамыс отынды бықсытып жатқан қарамайлық малайдың қасына келді. Бұл қазаншы еді.
–Қажы үйде ме?
Ол Сатанға жауап беріп үндеспек түгіл, бетіне де қараған жоқ. Тек қазандықтың астына тыққан қамысты сырғыштап отқа қарай қузаумен болды. Сатан үндемегеніне ерегіскендей «Мынау не қылған паң неме еді? Сорпаға семірген кісі сұраған сөзге жауап айтпай ма екен?» –деген көңіліне келіп, қазаншының иығынан тартты. Ол Сатанның бетіне карағандатүтінге ысталған күйген сабадай кеңбетіндегі қызыл ала көзі алайғанда, Сатан сескенейін деді.
–Бай қайда? – деуге аузы келді.
Қазаншы баяғы қалпына түсіп, бір ауыз сөз қатпастан қамысты қузай берді. Көп кешікпей Сатанның түсінгені «сорлы, тас керең, тілсіз, мылқау екен!»
Сатан есік алдына шығып отырды. Ас үйдегі майлы сорпаның буы бұрқырап, қара малай ысылдап, қазандар бұрқ-бұрқ қайнап жатыр.
Ас үйге қарсы үлкен сырлы көк ала үй. Үлкен-үлкен ақ айна терезелер. Жез тұтқалы сырлы есіктер, жасыл ала басқыш, жөпшенді адам кірем деуге қорынатындай. Ақ бұйра шалыны пұшпағынан түсіре жамылған бәйбішелер жез құмған алып, дәретке барып жүр.
«Ой, дүние -ай, – дейді Сатан. – Құдай бұл байлардың алапатын артық жаратқан адамдар ғой. Салдырған салқын сарайүйлері мынау, Көкқиядағы қойлары анау, қала, жәрмеңкедегі саудасы анау. Құдай бұларға бұ дүниені ғана емес, о дүниені де берген ғой. Өздері мешіттер салдырып, имам ұстайды. Мына бәйбішесімен Меккенің де жүзін көріпті. Дәретке құманмен баратын таза бәйбішенің дұғасы қабыл шығар.
Қайтсе де бұлардың міні жоқ-ақ. Бұлардың шарасын құдайекеңнің өзі кең шапқан соң, әрине, осылай болады… Арғын, найманның кедейлері осылардың қойын бағады, жылқысын жаяды, сиырын сауады, қазанын ұстайды, қорасын күрейді. От жағып отырған мылқаулардың тұрпаты мынау. Сорлының етінде жейдесі де жоқ. Бұл өмірінше осы отты үрлеумен өткізген шығар. Өзі көксау, күрк-күрк жөтеледі. Бұл сорлының сүйегі осы ошақтың аузынан бір-ақ шығады ғой…
Бұл не қатын аламын, не мал жиямын, не бір жылқы мініп бір танысыма барамын демейді. Түннің жарымынан от жағады. Түннің жарымында отты сөндіреді, бәлкім сөндірмейді. Өміріне от жағады… Осылардың отын үрлей-үрлей өз өкпесі өшеді… Бұл байға қандай жағымды?
Әрине, бұл сорлыны да осылай болу үшін құдай кемтар қылып жазған шығар…»
Сатан ол арадан кетіп, бір айналып қайтып келді. Енді не де болса көк үйдің өзіне кірейін деген көңілге түсті. Аяғындағы үлкен етіктің балшықтарын тазалаған болып, биік басқышпен ұстанып, жоғары өрледі. Жез тұтқалы есікті ептеп ашқанда, басындағы күйе-күйе сүмтиген арғын тымағын ұсынып үйге кіріп те кетті. Тар коридор, бір есіктен бір есікке сүңгіп, кірген есігін де ұмытып қалды. Ол қай үйді ашса да жайнап жиылған жасау, үлбіреген шымылдық – бәрі де Сатанға «кірме!» дегендей кеудесінен итерген сияқтанады. Сатан қыдырыстап келіп бір есікті ашып қалғанда – зал үйдің ішінде кісілер лық толып отыр екен. Отырған кісілердің бәрі де асыл жиһазға бөленіп отырған ертегідегі жынның халқындай көріне кетті. Бұл адамдар көк үйдің қонақ залында жайған кілем, жайнаған жасаудың ішінде сары ала қазылы табаққа сыбанып кіріп жатқан кезі еді. Жанның бәрінің көзі Сатанға қарай қалғанда, Сатан солбырайып тұрып қалды.
– Қайда барасың, етігіңмен кезіп? – деп шанқ ете түсті.
Сатанның етігі ескі болғанмен, арқаның кең қонышты саптамасы еді. Бұл етікті жаңа күнінде Тәжи біреуден тамыр болып қалап алып, төрт-бес жыл киіп тоздырған соң, байға жүрерде Сатанға жаматтырып берген.
Сатан сасып қалды. Ол мұнда қалай кеп қалдым?! Қайда барамын дейді… «Байда жұмысым бар еді» десе, оны осындай уақытта іздей ме? Әлде тіпті Сатандар сияқты кісілерге мұнда кіруге болмайтын шығар. Бәйбішенің «етігіңмен кезіп» дегені – «шешіп кірмедің» дегені ме екен? Өзім де мына етігіммен мынау таза дүниесін былғап тұрсам керек… Ал етігімді осы жерге дереу шешсем бе екен?.. Шешкенде шұлғауыммен қалам ба, жалаң аяқ аяғым қай таза болыптұр… Шешкенетігімді қайдақоймақпын…» деген сияқты сасқалақ ойлар бір минуттің ішінде Сатанның ойын ұйқы–тұйқы қылды. Тез бойын жиып, буынын бекітіп алып:
–Бәйбіше, байда бақыршылығым бар еді, –деді.
–Кімсің өзің? – деді жылан бәйбіше.
– Арғынмын.
– Бәсе, сұмырай тымағың мен сұмпайы етігің айтып тұр… Бауырың екен ғой, – деп, төрдегі көзі айналып кеткен семіз бір шеңгел етті қауып қалды.
– Қай арғынсың? – деді бәйбіше.
– Қаракесекпін…
– Қайдан келдің?
– Көкқиядағы қойдан келдім.
– Мал аман ба?
– Аман, бәйбіше.
– Биыл елтірі көп пе?
Бәйбішенің кекегенін Сатан сезе қойды да:
– Бәйбіше, биыл елтірі аз, – деді.
– Мә, олай болса, ет аса! – деп, бір кесеге табағынан алып ет салып жатып:
Шық далаға, ас үйге апарып же! Бай кешке таман қайтады, – деді.
Сатан ұрылған итше, кесені қолына алып, саптамасы сүйретіліп үйден шықты. Толып жатқан есіктің әрбіреуіне бір соғылып жүріп, бір есікті ашып қалғанда, жібек пен күміске бөленген ақ қағаз маңдай, қара көз келіншек отыр екен:
–Кір, кір! Кімді іздеп жүрсің? – деп қалды. Сатан осынша жын ұясының ішінен періште жүзді тіл қатқан адамды көрген соң еріксіз еркіндеп кетіп:
–Шығатын есікті іздеп жүргенім, қай жақта? – деді.
–Кімсің? – деді ақ келіншек.
–Таудағы қойдан келген қойшымын. Байда бір шаруам болып келіп ем.
–Қолыңдағы не?
–Бәйбішенің асатқан еті еді…
–Отыр. Етінді же, – деп, бөлменің ортасына дөңгелек үстел қойды. Қасына орамал тастады. Босағадағы құман мен жез шылапшынды көрсетіп, «қолынды жу» дегеңдей қылды. Сатан қолын жуып, сүртініп, бәйбішенің берген етін жеуге отырды. Күні ұзын қарны ашып келген бүркіт жігіт бәйбішенің шөкімдеп салған шыныдағы етін бір-екі-ақ қамтыды да, қолын жуып, аузын шайып, орамалға сүртінді.
–Сүйегің қай ел? – деді келіншек.
–Қарқаралы дуанына қараған арғынмын.
–Арғынның қайсысы боласың?
–Қаракесек.
–Нағашым екенсің ғой…
Сатан тіпті еркіндеп кетті. Айналасынан албастыдай басқан ауырлық әп-сәтте серпіліп кеткендей, аузы жып етіп:
–Е, сенің нағашың болсам, төбем көкке жетті ғой, – деп жымың етті.
–Құсайын төрені білесің бе?
–Білгеңде қандай? Біздің елдің төресі.
–Ендеше мен сол Құсайынның апасының қызымын.
–Алда, жаным-ай. Төркінің қайда?
–Төркінім төмен болады. Қара деген ел. Мысық қажы менің әкем…
Бұл әйел байдың соңғы алған тоқалы еді. Бұл тоқал шаруаға бауыр басудан гөрі мырзалықты, серілікті, ойын-күлкіні көбірек істейтін, оң жақтағы қыздан жаңа ғана қатын болып, бай қойнына кіргелі көп болмаған жас келіншектің өзгеге үйірсектігі қозып, қойшыдан нағашы тауып отырғандығы еді. Келіншек Сатанмен біраз сөйлесіп, оны-мұны сұрасып отырды. Сатан да өзінеыңғайлы жерден «жиен» табылғанына жаны жадырап, қараңғы тұман ішінен жалғыз жұлдыз жылтырағандай етене бола сөйлесті. Елдің, жердің жайын айтты. Өзінің елін сағынғанын, қайтқысы келетіндігін де сездірді.
– Қайтып, қайда барасың? Бәрібір кісіге жүретін болсаң – осылар тыныш емес пе, тамағың тоқ болып, ақың беріліп тұрса еліңде не бар, жүре бер! –дегенді айтты тоқал.
Тоқалдың бұл сөзіне Сатанның көңілі тіксініп қалды. «Қанша бауырластық дегенмен әр қол өз қарына тартады-ау. Мынаның айтып отырғанын қарашы», – деп ойлады.
«ҚАЙТПАЙСЫҢ!»
Сатан тысқа шыққанда, қоңыраулатқан пәуескедегі жорға гройкелерді теңселтіп Шалматай да қақпадан кіре берді. Байдың алды-арты шұбаған кісі. Арбадан түсіп, Шалматай басқышпен көтеріліп, көк үйге кіріп, жоқ болды. Оның артынан не жуан, не айдынды кісілер кіріп, кір-кір Сатанға үйге кіруге қисыны қиындап сала берді. Енді Сатанға байды тыстан тосудан басқа жол қалмады. Ол қалайда байдың мына үйден шыққанын аңдып, қыбын тауып сөйлесіп қалғысы келіп, есік алдынан күтті. Көп күттіріп бай талтақтап тысқа шықты. Баймен бірге бірадар, сопы, ақсақалдар да ере шығып, бір-бір құмғанмен екінді дәретіне дайындалды.
Бай басқыштан түсе бергенде-ақ Сатан ұрымтал жерден келіп:
– Салаумаликүм? – деді.
Бай жарытып сәлем алған жоқ. Сатанға тікіленіп:
– Сен, Арғын, неғып жүрсің? – деді.
– Таудан келіп ем…
–Не жұмыс?
– Лұқсат болса биылғы малыңызбен Қояндыға қайтайын деп едім.
– Соны айту үшін малды иесіз тастап, ат қинап келіп тұрмысың?- деп зілденді. Сатан үндемей қалды.
– Сен қайтпайсың!
– Қайтарыңыз, байеке…
– Уақытың біткен жоқ!
– Уақытым бітті ғой, байеке. Қайтарыңыз мені.
–Вексіл біткен жоқ! Ағаңның берген вексіліндегі соманың канша екенін білемісің?
–Ағам осы көктемде қайтасың деп еді.
–Қайтатын срок біткен жоқ! – деп құмған ұстап тұрған шәкірт балаға:
– Книганы алып шық. Бәйбішеден сұрасаң береді,–деді.
Байдың екі қолы қалтада. Қабағы түйіліп, ысқырынып тұр.
Үйден книга да шығып қалды. Қалыңдығы екі елі көк ала шұбар сопақша книганы ақтарып тұрып, бай:
Бөлегенұғлы Сатыбалды деген сенсің ғой?
– Иә.
–Айың үш теңгеден, жыл уағың отыз алты теңге. Вексілдіңқақ жартысы толмайды.
–Байеке, толса керек еді ғой?
Бай Сатанға бажырайыңқырап қарап:
–Толса керек еді деймісің? Қыстай жеп жатқан қойларыңды сұраусыз деп ойлап па едіңдер? – деді.
Сатан жүрегі су етіп, төбе құйқасы шымырлады. Аузы сөзге келмей, күйбендеп қалды:
– Байеке, ажалынан өлген қойларды қойшыларға жаза
берсеңіз, онда тіпті бізге шаш шықпайтын шығар, – деді.
Бай тыржың ете түсті. Сөзіңнің енді керегі жоқ дегеңдей кимылмен книганы шәкірт балаға ұстата берді де:
Қойдың батасын қылып, басын жейтін сен дейді ғой!
деп бетіне ашу жиып алды. Бірақ ұрмады.
Көк шұбар книгадан сөйлеген сөз Сатанды ауызға ұрғандай үндетпеді. Әлдеқашан жазылып қалған жазу, оны оқып тұрған бай, қоста желінген ет, әлі толмаған ақ вексіл – барлығы да Сатанды жар басына әкеп қамалады. Не ілгері, не кейін, не жоғары, не төмен аяқ салып аттарлық жол қалмай, тынысы тарылды. Басқа ұрған балықтай сандалып тұрып-тұрып:
–Ағайдыңтіршілігі бар ғой. Қояндыда өтер, байеке! – деді.
–Мен білмейтін сендерде не тіршілік бар? Жәрмеңкеден ер-тоқымын жаяу арқалап қайтқан ағаң байып қалды деп тұрмысың? –деп, бай даусына зіркіл косыңқырап түйіп тастады. Аңдаусызда ұрылған Сатанның бойын жидырмай тағы:
–Сені малдан кім босатты? – деді.
–Өзім келіп едім, – деп Сатан төмен қарап, жер шұқылады.
– Өздерің бет-бетіңмен жүре бермексіңдер ме? Малдың жоғалғаны, қасқыр жегені, өлгені – мойындарында болатынын білетін шығарсыңдар…
Сатыбалды үн шығара алмады. Бай нығыздаңқырап, кекеткен дауыспен:
– Қайт! – деді де жүріп кетті.
Сатанның өне бойы қаңтардағы жылымға түскендей сұп-суық болды. Болдырған аттай салбырап тұрып қалды. Ол осы салбыраумен тұрып, басқыштан түсіп келе жатқан байдың тоқалын да сезбей қалған еді.
Ей, нағып салбырап кеткенсің? – деді келіншек.
Сатан есін жиып алғандай:
– Бай қайырмады ғой, – деді. Сатан осыны айтқанда көңілі ұйқы -тұйқы болыптүреді. Көзіненжасы ыршып кете жаздады. Жас жанның қиналыптұрғанын біле қойған сезгіштоқал:
– Қажыға мен айтайын, – деді. Сатан және сергіп кетті:
– Айтшы, айналайын… Істеген жақсылығың менен қайтпаса да құдайдан қайтар… Мырзаға мен үшін сөйлес. Мен біржола кетемін демеймін. Елімді бір көргім келеді… Тек маған Қояндыға баратын малымен жүріп қайтуға рұқсат қылсын…
– Жарайды. Сен қайта бер. Мен жата-жастана жіңішкелеп сөйлесейін,- деді тоқал.
Әдейі ара қонып келгенде, осыдан артық жұбап ұстай алмай Сатан Көкқиядағы қойға қайтты.
БАЙ БӘСЕКЕ
Қоянды жәрмеңкесінің қызған кезіңде Сатанның ағасыТәжиШалматайға келіп шот қағысты. Сатанның қашан жүргендігі, кесілген ақысы, алған киімі, істеген жұмысы, бата қылып, бас жеген қойлары – шұбар книгада жазулы еді. Бай сынық инесін қалдырмай есепке салды. Ақ вексіл бойынша отыздың ішіндегі сомаәлі Сатандардың мойнында болып шықты. Бұған Тәжидің мойнынан ұстап берерлік малы болмаған соң, тағы інісін шығарып ала алмайтын болды. Сүйтсе де ол да өзінше ұпай ойлады. Сатанды Шалматайдан шығарып, өзге бір байға жүргізуге ниет қылды. Осы ниетпен тағы сол Жетісудың бір ноғай саудагері Шаяхмет байға кісі керек деген хабармен Тәжи інісін жұмсаған соң, Сатан сонда келді. Келгеннен ол бай жылы ұшырап, жөнін сұрады.
– Шалматай байдың жігітімін, – деді.
Шалматаймен қай жерде болса қайшыласып, шайнасыпжүретін жуан сары ноғай«соныкімін» деген соң-ақ сүріне жығылды:
– Қазақтың таз байлары берген хақтан бір тәңкесін арттырып хақы беремін! – деді.
Сонымен, Сатанды алуға бай табылып тұрғанын біліп алған соң Тәжидің үй іші кеңесіп, көп толғауға түсті. Мына ноғайға жүруге ме, бұрынғы байдың өзінде қалуға ма? Ноғайға жүрсе,ақысы көбейеді. Ол ақымен Шалматайдың борышынан құтылуға да болады. Ақ вексіл жыртылады. Бас бостаңдығы туады. Ал тіпті жалға жүрмей отыруға мүмкін емес. Ағасы Тәжи де жаяу, үйде жатыр. Үй іші – тұттай жалаңаш. Ел ортасына жәрмеңке орнап, емен де, семен де ақшолақ, көкшолақ алып, көйлек-көншекке қарық болып жатқаңда, Сатан үйінің қызыл сирақ отырғаны қалай жанға батпайды? Ал жалшыға жүргенде – тағы осы Жетісу байларына жүргелі тұр. Мына ноғайлар қырдағы қазақтан ақыны асыра береді. Жұмысы бірыңғай болады, тамағың тоқ. Ал осы маңдағы біреудің есігіне жүрген күңде олар бірінші ақыға жарытпайды. Жігіттің жігіті айына серкеш табады. Киімге ескісін береді. Ашты-тоқты жүресің. Ал мына ноғайларға жүргеңде тағы алысқа кетесің. Бас ауырып, балтыр сыздаса шет жер, жат ел, өлім барда қаза бар деп, біреудің біреу басын сүйеп, сүйегін көмуге зар болады…
Сөйтсе де ақыр жалға жүретін болған соң мына ноғай тиімді. Бірсыпыра ақысын алдымен беріп қояды. Қазақтай емес, бір ауызды жұрт, алдамайды. Зорламайды…
Үй іші болып ырғасып келгенде, Сатан байға жүрмек болды. Байға жүрсе ноғайға жүрмек болды. Осы хабарды Шалматай құлақтанды. Өзінде жүрген жігітті Шаяхмет бай бұзып алды деген Шалматайдың шиқанын жұлып алды. Қашаннан Қапалдыңноғайы мен қазағы бәсеке талас; екі байы базар болсын, кісі болсын, пайда болсын, жер болсын – бір-біріне шаш шығарайын деп ойламайтын. Қалай да ығы келіп қалған жерде бірін-бірі сындыруға, мұқатуға ұмтылатын.
«Мына жігітті Шаяхмет алмақ» дегенді естігеңде, Шалматайдың көңіліне ноғай байының әдейі мұқату үшін істеп отырғандығына көзі жеткендей болып, ыршып кетті.
– Бар, ағасына сөйлес! Ақысын өсірем. Бөтен жаққа алаң болмасын. Шермік ноғай айына алты сом берсе, мен жетіні берем. Ол жетіні берсе, мен жеті жарымды берем, бар, осыны айт. Бұзылмасын. Және жаңа есеппен вексілді қолына қайырам. Және жай қойшы қылмаймын, қара қосшы қылам. Өзі тілеген жұмысын істейтін болсын, – деп, бай күңгірлеп сабадай пісілді. ІІІалматайдың бұлай бейілденуі өте сирек болатын еді. «Жігіт аламын» деп бай ноғайдың жалақтағаны байды жомарт қылып, Сатандардан ықыласын аямауға себеп болды. Байдың жіберген Сатаңдарды майлы ішекке айналдырып келіп, аяғы байдың алдына келтірді.
Бай бұлармен көп қажасқан жоқ. Күле сөйлеп отырып, сөзінкесете, «достығын көрсете» отырып, өз дегеніне көндірді. Сатанның айы жеті жарым теңге, қойшы емес, қосшы, ақысын алдымен береді, ақ вексілді шегереді. Және қалған ақысыныңбірсыпырасын қолына береді.
Тәжи Сатан ақысына сіндіріп, байдан біраз ғана пұл алды. Критонның кезі он бес тиын, ол өзіне жейде, дамбал, бұзау тұмсығы өткендей бөз көкала түктің кезі онан да көтеріңкі, ал шешесіне көйлек, дабыдан тағы жаулық, ширек шай алды, айналасы осы-ақ еді. Бай:
– Саған базар бағасынан тиын жарымнан кемітіп бергіздім, – деп, кеңпейілдігін де біле кетсін деген кісіше айтып отырды.
Жаздай құмырсқаның илеуіндей қыбырлап, құрттаған жәрмеңкенің саудасы бітіп, базары тарай бастады. Қойлар, сиырлар қос-қостап, жер-дүниені шаңдатып Қызылжар жақтыңқырмасына айдалды. Семей, Мәкержі, Шұбарағаш, Қапал, Шауешек, Жайсаң, Омбы, Қызылжардыңкөпестері кіре-кіре кірекешпен, керуен-керуен жүкпен сықырлап жай-жайынақайтты. Қарқаралы, Семейдің алыпсатарлары жемтіктің соңында қалған иттердей жәрмеңкенің тозған базарының боқтығын иіскеп отырып, ешкім алмаған соң ақыры қалаға қайтысты. Базардан қалған брак қойларын ақ вексілдеп тағы айналаға таратып, Шалматай байлар Жетісуына қарай жөн тартты. Мұнымен бірге Сатан да кетті, ол бұл сапардан бұрынғыдай бой тарта қойған жоқ. Жолы таныс, елі үйір сияқтанып ұмтылғандығын өзі де біліп, өзгеге де сездіргендей еді.
Сатан көңілі біраз тынышталғандай болды. Өйткені Тәжи ағасы үй ішіне киерліккеазын-аулақ ақшолақ, көкшолақ алып қайтты. Раматына төлерлік ақша мен ақ вексіл байдың қолынан шығып, Тәжидің қалтасына кірді. Тәжи ол вексілді үйге алып келіп:
– Бізді байлап тұрған «ақ пәле» осы еді, – деп шетінен ұстап отырып отқа жандырды.
КІСІ ЕСІГІНДЕ
Алатаудың жайлауынан етекке түскен ел Сарыағаштың сазына жыпырлай қонған. Сүттіген сазынан шабылған пішен әлдеқашан жиналып, мал жалпақ жайылысқа қоя берілген. Ерте салған егін пісіп, егіншілер бау тары іше бастаған кез. Бай ауылдың малдары әлі тауда, салқын жерде. Бұл жердің күні ыстық болғандықтан, сүмбіле тумай, су мұздамай жайлаудың қойы етекке түспейді. Күннің жалыны қайтпай түскен тоқты шаң қауып, өкпеге шалдығып, тышқағы көп болады. Осы есеппен Шалматайдың бар қойы тауда. Асы-тұзын жеткілікті етіп жайлауға қалдырған. Қолдағы жылқының түрі: сауын бие, мінетін ат. Өзге жылқы отарда. Құлын желіге байланбайды, енесіне қосақтаулы. Шалматай ауылының таудан түскелі үлкен жұмысы –Абдыраның бекетіне сапырылысып күнде қатынасу, топ-топ болып бекет байларына қонаққа жүру, бекет байларын, саудагерлерін өздері қонаққа шақыру, арба-арба болып тиеліп өздері қонаққа кету. Міне, жайлаудан етекке түсіп, Сарыағаш сазына қонған бай ауылдың көбінесе алданысы осы еді.
Қыр мен қаланың қоспасынан құралған бай аулының реңі сияқты олардың қонағы да араласпай болушы еді. Қонақтың бір бөлегі өңшең «жақсы» қонақ, бай қонақ. Бұлар – қырдың болысы, би, ақсақалдарымен бірге қаланың байлары; Қызылжар, Семей, Алматы, Қапал арасының қыл-қыбыр, елтірі жинаушылары –Омар, Нәжметдін, Қадырбай; Мәкержі, Ербіт, Қоянды жәрменкелерінің жүрімпаздары – Бейсенғұл, Жұма Мұқат;шетік, кәуіш, кәләпуш сияқты товарлардың иесі – ақсақ Жүсіп;темекі, шекер, бас ұлтан сататын – Ахмет; биік көк дүкеннің иесі – Абрам; Қапал имамы – Қажаяхмет; Сарыағаш молдасы Асан сияқтылар бұл ауылдың қадірлі қонақтарынан еді.
Бұл қонақтың көбі-ақ тіс қаққандар, тірліктің әбден ащы-тұщысын татқандар, бірін онға, онын жүзге сатқандар – шалдар, байлар болатын еді. Әрқайсысы – әр жақтан құралып, тиыннан теңге туғызған тәжірибелі кісілер.
Бұл кісілердің мәжілісі көбінесе ет, қымыз үстінде сауда жәрмеңкесінің жайы, жалпы саясат, мұсылман иғанасы, жұма, айт намазы, зекет, қаж әңгімесі, шариғат бақасы, құран-қатым сияқтылармен өтетін еді. Біздің сұр қажымыз қашанда осындай қонақтың қақ ортасында болады.
Қажы ауылындағы қонақтың екінші түрі – мырза қонақ. Мұнда жиылатындар — жас байлар, жаңа пікірлі зиялылар, қырдыңмырзалары, қаланың байбатшалары, төменнен жоғарылап келе жатқан приказчиктер, жас тілмаштар, орыс төрелері, жәдит мұғалім, жаңа шәкірттер. Бұлардың мәжілісінің тамағы – қымызға араласқан арақ; ойыны – карта; сауығы – домбыра, гармонь, анекдот; әңгімесі – газет хабары, журналға жәрдем, серіктік жерхақында,съезджайында,мектепмәселесісияқтыларданболатын еді.
Біздің қажымызға мұндай мәжіліс те шет емес еді.
Қажы ауылындағы қонақтың үшінші түрлісі – қатын-қыз қонағы. Мұнда Абдыра бекетімен екі ортада арбаға тиеліп ерсілі-қарсылы қонаққа шақырылыпжатқан- байлардыңқатын-қыздары. Әйелдер пәуеске арбаларға тиеліп, бірде қырға, бірде қырға, бірде қалағасапырылады. Қызы да, келіншегі де, кемпірі де араласып бір үйде топырлап, бір дастарқанға тізіліп, ұзақ уақыт шай ішумен отырысады. Міне, мұндай мәжілістің ішінде біздің қажымыз болмайды. Бұл мәжіліс қажының әйелдерімен өтеді.
Қажы ауылының мұңдай ұдайы болып жататын ашық қонағынан басқа анда-санда жабыққонағыдаболыпқоятынеді. Ондай мәжіліс көбінесе ауылдың жастары, көңіл көтерейін деген сауықшыларынан құралатын еді. Әсіресе мұңдай мәжілісті Шалматайдың өткен жылғы түскен тоқалы, Мысық қажының қызы ұйыстыратын. Ол, қажылар, қазіреттерден ауыл оңаша болса-ақ,үйіне мәжіліс шақырып, жастарды жиып, ойын жасайтын. Оның ойынында бой жетіп келе жатқан қыздар, кыздың жеңгелері, мырзаның келіншектері, қажылардың тоқалдары, күйеу-жезделер, желбас бозбалалар, көрші-қоңсының пысықай әйелдері, әнші, күйші, күлдіргіш жігіттер (жалшы болса да мейлі) болатын еді. Бірақ мұндай мәжіліс ұдайы бола бермейтін. Көп күттіріп, бірақболып өтетін. Мұндай мәжілістің досы аз болмағаны сияқты дұшпаны да көп болатын. Әсіресе, жас тоқал ұйымдастырған мұндай мәжілістің бірін екі қылып қылға тізіп, жұртқа жариялай жүруді бәйбішелер кәсіп қылатын. Кәртаң байларының құлағына құятын.
Міне, бүгінгі Нәзипаның үйінде болып жатқан мәжілістің түрі сондай мәжіліске ұқсайтын еді. Мұнда да қажы ауылы оңаша, казірет қалаға кеткен. Сондықтан ауылдағы жас-желеңнің көбі-ақ келіп отыр. Мұндағы отырған әйелдердің де, еркектердің де желпіне сөйлеп, желіге ойнап отырған себептері сол еді.
Осы мәжілістегі үйге самауыр кіргізген екінің бірі – Сатан. Ол Шалматайға қайта жүріп Қояндыдан қайтқан соң, бір айдан бері осы ауылда. Сатанды қажы Екіаша деген жайлаудағы малы етекке түскенше тостырып койған. Ол мал келісімен, Сатан сол малдың басыңда төменгі су аяғы құрдымға қыстауға кетуге тиісті. Сатанның әзіргі кәсібі –күндіз бие саудырады, түнде келген конақты күтеді, қажының ауылының әйелдері қалаға, жегжатына қонаққа жүрсе – атшы болады. Өзі Нәзипаның қолында.
Нәзипа Сатанды «нағашым» деп жан тартатынын оқушы біледі. Осы жылдың жазында Сатан еліне қайтпақшы болып байға жолығуға келгенде – Сатанды нағашым деп үйінен дәм таттыратын ақ тоқал осы Нәзипа еді. Қажы Сатанды Қояндыға «қайтпайсың» деп жекіп жіберетінде, қайтаруды мойнына алып, қажыға сөйлеспек болғанын да оқушымыз ұмытпаған болар. Сатан осы Нәзипаның себебімен биыл Қояндыны көріп келіп отыр емес пе? Әйтпегенде Сатан сонау Қояндыға қайтар ма еді? Қояндыға қайтпағанда сонау қойшылықтан құтылар ма еді? Қойшылықтан құтылмағанда сонау ақ вексіл жыртылар ма еді? Үй ішін көріп қуантар ма еді? Әрине, бұған себеп болған Нәзипаны сонан былай Сатан да жан тарта бастаған. Ол Қояндыдан келісімен-ақ Нәзипаның қолына келіп, қолғабыс жігіт болып сіңіп кеткен. Нәзипа да оны нағашым – арғын деп, шайына шақырып, үй арасы жұмысына жұмсап отыратын болған. Нағашысына киім-кешек жағынан да қарасып, көйлек-дамбалдық кездеме, қажының бір көнетоз камзолын, ескі шалбарын да берген соң, Сатан жабағы жүнінен түлеп, етек-жеңі ықшамдалып, мұндай мәжілісте дастарқан қасына қорынбай отырып, аяқшы болуға лайықтанып қалған. Міне, сол Сатан үйдегі қонақтарға самауыр кіргізді.
ДАСТАРҚАНДА
Уақыт кеш. Жабыққа тіреліп жиылған жүк. Сегіз қанат үйді іргелей отырған жан. Шаңырақ желбауына асылған газ шам быжылдап жанып, үйдің ішінен бейне күн шыққандай. Өңшең судыраған жібек, сылдыраған күміс, сылқылдаған күлкі… Мәжілістің ортасына жайып тасталған көкала дастарқанның үсті өрік-мейіз, бал-бауырсақ, қант-кәмпит, түрлі тәтті тоқаштардың неше алуандары үйіліп-төгіліп қалған. Есік ашылып, екі жігіт қау-қаулап көтерген үлкен болыскей ақ самауыр буы бұрқырап, ентігіп, бұжылдап келіп мейман сыйлауға мәжілістің ортасынан орын тепті.
Ақ самауыр қайда отырса, сонда отыратын қазаншының қатыны сар шұбар Шәлипан шай құюға шыны аяқтарды ыңғайлай бастады.
Самауыр кіргізген екі жігіттің бірі – қазаншы Ахмет шығып кетті де, Сатан есікте тұрып қалды. Оның көзі үй ішіне толған адамды тұтасынан бір шолып өтті. Төрдің алдында отырған мырзаларға көзі түсті. Өне бойын түймелеп тастаған, қара тақиялы, таңқы мұрын, қара сұр Мұхаметкәрім мыжырайып отыр еді. Сатан оны көргенде «киімді қанша әдемі киінсе де, кемтарлығы көрініп-ақтұрады екен ғой, белі бүкірейіп, жауырыны күжірейіп, біреуді атуға кезеніп жатқан кісіше дастарқанның үстіне жатып қалыпты-ау бейшара!» – деді. Сатан екінші жаққа қарап, жамылған ақ шәліден ақ маңдайы, кара шашы, күміс кұлағы көрініп отырған, жұпар сабын қағазындағы суреттей келіншекке қарап: «Дәу де болсаң, мынау бүкірдің қатыны боларсың… Шіркін малай, бір ақ балғынды алған екен. Бұл бүкір байбатшаның неше қатынының бірі екен?» – деп ойлады.
Сатан көзі бүкірден кетіп, қасындағы Қаженге түсті. Сағат бауы салбырап, сақтиян етігі сықырлап, аяқты көсіліп, ауырған кісідей-ақ жастықтаң үстінде шынтақтап жатқан-ды. «Қажен таз осы-ау» деді. Аузы салпылдап, сақаулата сөйлеп тыным таппайтын, мінезі кәдімгі көп таздың екісінің бірінде болатын ұшқалақ адам екен. Соңдықтан-ау, басына мынау қызыл шошақ түрік тақияны несіне киді екен? Самайының ақ таңдағы жарқылдап көрініп жатыр. Әлде бұларға таз болудың әзі де мақтан ба екен? Рас, осы ауылдың еркектерінің көбі таз дейді. Есіркеген де, Алдаберген де, Жұмаш та, Құдаш та – бәрі де басы нысаналы адамдар білем. Ол кісілердің көбі онысын жасырады дейді. Қажылардың өмірі жалаңбас жүргенін көрген жалшы болмапты. Соның бәрінен батылы мынау –Қажен таз. Бұл ұялмайды. Қайта арақ ішіп қызып алса, түрік тақиясын лақтырып, сақ-сақ күледі деп еді. Қасындағы бүкірдің де қабағы қатыңқы көрінеді, сірә, ол да таз-ау. Тү… Әлі осы ауылдың бәрі таз ғой. Мынау керіліп отырған ақ келіншектердің байлары, анау сызылып отырған сұрша қыздардың ағалары, әкелері түгел таз емес пе? Түу, құдай басқа салмасын… Тегі, біздің жақта таз көбінесе кедейдің сыбағасы болушы еді. Ал мына Сарыағаштың байлары тұқым қуалаған түгел таз болғаны – мұнысы бір қызық екен! Не керек, басы таз, балтыры қотыр болса да, құдай бақ берген соң… Мынау ақ орда, мынау алтын аяқ, ақ күміс осылардікі. Таз болса да құдай бұларға асылды таңдап кигізіп, сұлуды таңдап сүйгізіп қойған соң, амалың бар ма? Басымыздың амандығынан не көріп жүрміз, міне, қурап тентіреп, таздардың самаурынын кіргізіп, босағасында тұрып, осылардың кызығын қарағаннан басқа…
Сатанның көзі Қаженнен ауысып, ноғай жігіті сұлу сарыға түсті. Оның жұмсақ мінезі, нұрлы жүзі, сымдай сыны, кіршіксіз ақ саусақтары, алтын сақинасы, тазалап тараған шашы – бәрі қосылып үй толған адамның ішіңдегі еркектің ажарлысы осы сияқтанды. Ол ақ жағасын тырсылдата түймелеп, тебетейін ұзыншаштың үстінен еңкейте киіп, шылымын сора түсіп отырған-ды. «Мұғалімдегені осы-ау, өзі бір көрікті, сынық жігітекен!» –деді.
Соның арасынша кроватқа сүйеніп отырған Нәзипа Сатанға бұйырғандай:
– Ей, арғын, сен неғып тұрсың қақиып? Самауырдың ар жағынанотырдашыныаяқалыпбер! -деді. Сатан ұрымтал жерден отырды. Шыны аяққа тауықтың қанындай жұқтырып, түйенің сүтін қатып, күрең бұйралап шұбар Шәлипан шәй құйды. Айналасыңдағы мол-жылқыға апан құдықтан қауға тартқандай,шайдың шыны аяғын жан-жаққа таратып, Сатан тасымалға түсті.
МӘЖІЛІС
Түн ортасы ауып барады. Өзге үйлер көптен ұйықтап қалысқан. Нәзипаның үйіндегі мәжіліс әзіл-қалжыңмен отырып ас-судан арылған соң, тамашаға енді кіріскен. Үй ішінен дастарқан, үстел, самауырлар шығарылып, ойынға лайықталған. Шаймұхаметтер мұндай мәжілістегі ең шалжақ мырзалардан болғандықтан, әркімге бір соқтығып, ойынды өзі басқарғансып,әулекшеніп кеткен. Азырақ арақ жұтып алған Шалматайдың ноғай приказчигі Ғатауылда да гармоньды дырылдатып, азан-қазан қылып отыр. Ол басы былғақтап «Қара орманды» тартқанда, үй ішінің көбі-ақ хорға қосылып, ауылды басына көтереді.
Қазақ жағының сауықшылы – Жұмалы деген қылжақ әнші. Ол осындай жерден өмірі қалған емес. Жоқтан өзгені әңгіме қылып, анекдот айтуымен қатын-қалаштың арасыңда абиыр алып, тамақ асырап жүрген біреу. Мұның ән салса көмейі қырылдайды, көкірегі сырылдайды. Даусы жоқ. Өзі қырықты ұрған кісі, азырақ мұрнынан сөйлейді. Сондықтан ол әнді ылғи бұзып салатын кісімсіп, шалдың, кемпірдің, пұшықтың әндерін салып жұртты күлдіреді. Өлеңге де өрісі онша емес. Сүрелі сөзден, өнегелі әңгімеден көп білмейді. Өз ойынан суырып салып, жарып отыратын өнер мұнда жоқ. Тек өзіне лайықты ән тапқан сықылды өлеңді де лайықтап салып, ұсақ-түйек, қылжақпай, былқамыр өлеңдерді жаттап жиып, қыз-келіншектің ішінде көкіп отыратын еді. Жұмалы «Жақсы қатын, жаман катын» деген өлеңді айтып болған соң, Шаймұхамет мырзалар мұның «Қатқан шалды» айтуын қолдады.
Жұмалы домбырасын таңқылдатып, аузын балпылдатып, даусы қырылдап «Қатқан шалдың» әніне салды:
Мен өзім шал да болсам қатқан шалмын,
Сақалға меруерт-маржан таққан шалмын.
Бозбала, ішің күйсе тұз жалаңдар,
Қойнына талай кыздың жатқан шалмын.
Аспан шырлар боз торғай,
Сол бір өткен заман-ай.
Ей, қыздар-ай, Қош есен бол-ай… –деп көзін
сығырайтып, даусын қырылдатқанда отырғандардың ішек-сілесін қатырады.
Қойдың ба, қайран сексен қалжыратып,
Тарттым ғой қыз күйігін алжып жатып.
Бір қызды әлде болсам қартайтар ем,
Май берсе миға қосып балжыратып.
Аспан шырлар боз торғай,
Сол бір өткен заман-ай.
Ей, қыздар-ай,
Қош аман бол-ай…
Үй іші ду күледі. Қажен таздар сылқылдап, көзінен жас ағызады. Жұмалы домбырасын таңқылдатады:
Дозаққа ең алдымен бізді айдаса,
Шалдардан біздей-біздей дүзді айдаса,
Дозаққа іркілмей-ақ кетер едім,
Алдымнан арқан бойы қызды айдаса…
Бал, бал, бал, бал қурай,
Басына қонар боз торғай,
Сол бір өткен заман-ай.
Ей, қыздар-ай,
Қош аман бол-ай…
Мұғалім Жұмалыға қарап қалыпты. Оның ойында:
– Уат, сайтан! Хақики артист. Бұл қазақ халқы жүрген кең сахараның театры – мына шошы йортлардан ғыбарат болып, шошы қарт кібік бәндәләр аның артислерідір енді…
Жұмалы тағы қылжалаңдайды:
Молдеке, қоя тұршы иманыңды,
Берейін мал-мүлкім, жиғанымды.
Қасыма қыз молдасын әкеп койсаң,
Кетейін соған тастап қу жанымды.
Бал, бал, бал, бал курай,
Баяны жоқ заман-ай,
Ай, қыздар-ай,
Қош аман бол-ау-ай!..
Мәжіліс –қыран күлкі. Барлығы да Жұмалыны алғыстап отыр. Шұбар Шәлипан да өз ризалығын білдіргендей: «Сен өлерде аузыңа иман түспей аузың қисақтап өлерсің», – деп қалжыңдайды.
Нәзипа бүгін тіпті еркіндеп кеткен. Жүзі –жарқын, күлкісі –көтеріңкі. Мұғалім да жайшылықтағы философияны жылы жауып, мәдениет мәселесін, пропаганданы жан қалтаға тығып, мәжілістің қызықты болуын қолдап отырған тәрізді. Кейде Жұмалының жап-жаман даусын қошеметтеп, қол шапалақтап қоя береді. Оған Шаймұхамет бүкірлер, Қажен таздар қосылып, одан әрі желігеді. Нәзипа ішіне бүккен сыр қалдырмай ақ жарқын адамсынып, «ойнаңдар, жырлаңдар» деп, әр нәрсені ойлап шығарып, тамашаны қыздырады. Оның сөзінің төркіні, көзінің құйрығы мұғалімнен айналып кетпейді. Мұғалімнің де солай таман жантайысы жаман. Нәзипаға папирос беріп, не сөйлесе соған қарай сөйлеп, ішінен толғанып отырған сияқты. Өзгелердің ойында не бар, не жоқ. Расында әлі еш нәрсе болмауға тиісті, бірақ Сатан мына мәжілістен кейін Нәзипа мен мұғалімнің арасы қауіпті екенін түйгендей болды. Сондықтан ол мәжілістің есік жағындағы елеусіз жерінде осы екеуінің қас-қабағын бақылаумен отырды. «Е,е, сары ноғайым, асықты алшысынан үйіргелі отыр екенсің… Әй, өзі де жылмырайған сұлусыған неме екен.Сірә, бұл бір жерден шығар… Шіркін, мына Нәзипа тоқалдың өзі де оңды екен-ау, ә!? Әдемі ақ байталдай ойнақшыған әйелдің бір тазасы ғой. Екі беті албырап, екі көзі жаудырап, күлкісі сылдырап, кигені саудырап, қарашы, мұғалімніңбауырынакіріп кеткендей боп отырғанын. Шіркін, осыларға не жетпейді екен! Дәулет мынау, бақ мынау, он болыс елді аузына қаратқан қажыныңқатыны, шыққан жері мыңды айдаған бай, ұшқан жері Алатаудың қиясындай, қонған жері Балкаштың дариясындай, таудан ұшқан, айдын көлге қонып отырған аққу емес пе бұл? Аққу сол көлдің ішінен салт басты, сабау қамшылы ноғайға талпынып қанатын жайып отырғаны қалай? Мұнда не арман бар екен?»
Жоқ. Кірсіз ай, мінсіз құдай. Бұлардың көңілінде қақ жоқ дегенім – жетпегенім болар. Қанша алтын аяқ, ақ күміске малынып, асып-тасып отырса да Шалматай қажы қатқан сірі ғой. Нәзипа төрт қатынның бірі ғой. Оттай ойнақшыған, сұқсырдай сыланған қыз болып әкесінің оң жағынан ұзатылғаны кеше ғана. Мына ауылдан, анау Шалматайдан не қызық тапсын бұл? Шалматайдың малы алдандыратын мұқтаж кісінің баласы ма еді бұл? Шалматайдың кай жеріне қанағат қылсын? Нәзипаның мынау қамыстай әдемі тұлғасын, ойнақшыған мінезін Шалматай калай алдандырсын? Мұның арманы мынау сұлу сары сияқты жас жігіттер емес пе? Әрине, солай шығар. Кім біледі, осы болып жатқан мәжіліс те осы сары ноғайдың кұрметіне болып отырған емес пе екен?
Кім біледі… Кім біледі… Бәлкім солай шығар…
МҰҒАЛІМ МЕН МОЛДА
Фазыл мұғалім бұл ауылға алғаш келгенде осы өрендегі елге үлкен әнгіме болды:
– Мұғалім деген келіпті. Алты айда хат танытады екен. Онан оқыған бала хат-шотқа жүйрік болады екен… Орыстың оқуына жетік болады екен.
–Жоқ, оның өзі орыс оқуы екен. Кітабында бісмылла жоқ. Балаға иманшарт оқытпайды екен. Орыс болмағанда не болды. Тек алдап шоқындыруға жіберген орыстың молдасы болса керек…
–Жоқ, бұл өзі мұсылман оқуына жетілдіріп жіберілген орыс білем. Шашы алусыз, мұрты басусыз. Түбінің не жұрттан екенін білу қиын дейді…
–Жоқ, мұғалім осы күнгі оқудың өнері екен. Бұдан оқыған бала жетік болса керек. Өзі де жеті түрлі тіл біледі дейді.
– Қажылардан дүние құтыла ма, мұны әдейі Мекке жолына барғанда, Стамболдан алып қайтыпты. Стамбол мұсылман дінінің бір туын тіккен жері ғой. Сондағы оқудың, өнердің түрі осы мұғалім оқуы тұрпаттас болады екен. Бұл дінді жаңа түрге – өнерлі түрге салып, артта қалған мұсылман халқын тек алға жіберуге әрекет екен….
–Жоқ, ойбай, мұғалім сиқыршы екен. Мейнамдай резенке доптан от шығарып, бірқаланы өртеп жіберетін оқу бар екен. Көз ашып-жұмғанша қолындағы таяғын арба қылып жегіп жүріп кетіпті. Қажы аулының қатындарыныңбасын айналдырып алыпты. Қажының жаңа тоқалын жады қылыпты. Ол тоқал қазір сол мұғаліммен аумие екен…
Осы сияқты сөздер қара халықтың ішінде үлкен сыбысқа кіріп, ертегіге айналған еді. Мұғалімнен үрейленудің өзі оның атын жанның бәріне жайып, жақсы таныстырған. Басқа жалпақ жұрт, қараңғы халық бұлай сөйлесе де мұғалім алдырып отырған Шалматайларға мұғалімнің кім екендігі аян: олардың білуінше Фазыл мұғалім жасырынған қызылбас та емес, сүндетке отырмаған орыс та смес, жәдит оқуының жаңа мұғалімі Фазыл Жиянгелдин. Түбі – Бәләбәй уезінің татары. Стамболдың Дарылмұғалімін бітіріп, Мысырдағы Мұхамеди хазіреттің медресесінен дәріс тыңдаған. Мекке, Мәдине, Мысыр, Шам, Көпе, Кұдыс, Стамболдардың бәрін аралап, жас басынан көпті көріп, көзі ерте ашылған татардың кезбе шәкірті. Мұны Шалматайлар Меккеге барғанда, зәмзәм құдығының басында кездестіріп, өздеріне басшылыққа жалдаған. Бұрын жол көрмеген, жулигі көп жерде Фазыл мұғалім қажылардытірідей кебіндеп, тау-тасқатентіреткен. Меккетауындағы Ыбырайым пайғамбарлардың баласын бауыздап, қой сойып, Ажар бәйбішесімен бірге ұйықтаған, ғұсыл құйынып, дәретке отырған жерлеріне шейін тәуап қылдырып, байларға әбден қылығы жаққан. Сонымен,Фазылды қажыларжаңамектепашыпберіп, жаңашабала оқыттыратын болып аулына алып келген.
Фазыл мұғалімкелгенше,бұлжақтың қазағытүгілноғайыда надан еді. Надан емес-ау, шынайы мұсылман еді. Қажы аулының үлкен мешіті, терең молдасы бар. Ол молда Бұқарай шәріптің шар кітаптарын шіріткен, өзін «аят-қадістің тереңқұдығымын» деп түсінетін Асан хазірет еді. Он болыс елдегі «инабатты»адамдар өлсе, жаназаны осы Сарыағаш хазіреті ғана оқитын еді. Бұл хазірет осы аймақтың жақсыларының жаназасын шығарып, зекетін алып, құран-қатім істеп, мешітке жұртты жиып намаз оқытып, кәсіп қып тұрушы еді. Оның істейтіні – жұма сайын жұртқа о дүние туралы уағыз сөйлеу, тамұқпен қорқытып, ұжмақпен қызықтыру, қажыларға қонақтан қонаққа жүру, дау-шарлы мәселеге пәтуа беру, домбыра тартып ән салуды күнәға жазу, көңіл көтеріп ойнаған жастардың жиылысына лағынет айтып тараттырып жіберу, жас әйелдердің еркекке араласпай аулақтануына насихат айту, Сарыағаш еліңдегі некеленген адамдарға дем салып, су ұрттатып алым алу сияқтылар еді. Бұл молда келіп орнағалы көп болғандықтан, елге ықпалы күшті болып, Сарман, Ырыспек балаларының бәрін де Меккеге барғызып қажы қылып, мойнынан парыз түсіртіп алған хазіреттің көп еңбегі бар еді.
Фазыл мұғалім келгенше, балаларды оқытқан осы кісі. Мына қажылардың бәрі де осы кісінің алдынан сабақ алған шәкірттер. Үлкен бір бөлмеге отыз, қырықтай бала жинап, айнала жүгіндіре отырғызып, иман-шарт, әфтиек, ежік, суре, шұрұтұссала, мұқтасарларды жаттатып, балалардың белін бүктіріп, көзін ағартып отыратын хазірет осы еді.
Ауылға мұғалім келген соң, Асан хазіретке бұл кәсіпті тоқтатуға тура келген. Ол тек балаларды медресеге жинамай, өзі мешіттегі имаматтығын ғана атқарып, құран, қатім, уағызбен ғана қалатын болған.
Оның бұған іші тіпті қатты ашулы еді. Ол Фазыл мұғалімнің келуімен бірге өзінің бірден-бір дұшпаны келгенін сезген сықылды еді. Мұғалімді келтірмеуге қанша тырысса да, ол туралы қажылардың құлағына қанша құйса да, заманның ағымы Асандардың сөзін аса құнды қылмай арзандатып бара жатыр еді. Әрі-беріден соң қажылар хазіретті үстінде мешіт, қолында құранымен қалдырып:
– Сіз ақиреттің ғана адамысыз, дүние сөзіне кірісуіңіздің керегі жоқ, – деп жуасытуға айналған еді.
Міне, Фазыл мұғалімнің бірсыпыра жаман атының сыртқа жайылуына осы хазірет те себепкер болды. Хазірет өз сөзін тыңдайтын адамның алдында (оның тыңдаушылары көп еді) мұғалімді кірлеп, қақараттап істен алғысыз етеді. Көпті мұғалім жүрген жерге жүрмеуге өңмеңдей үндейтін еді. «Мұғалім шоқынған екен», «мұсылманды адастыратын бұзық екен», «жасырынып жүрген қызылбас екен», «сиқыршы екен» деген сөздің тұп атасы осы хазіреттің лебізінен тарап, балалап та кеткен еді.
Фазыл мұғалім де бұл хазіреттің жайын жақсы білетін. Ол Асанның өзіне қарсы істеп жүрген әрекетін «жалпы ескі дүниенің жеңілгісі келмей, жағаласқандығы» деп ұғынатын. Мұғалімше: қазір жиырмасыншы ғасырда – Ресей мұсылмандарының мәдениетке бет алған дәуірінде – мұндай фанатик молдалар аз ба екен? Әсіресе, осы Жетісу сияқты қараңғы түкпірде көп болмай ма? Мұндай жүздеген жылғы халықты басып жатқан үлкен караңғылық пен меллетшіл мұғалімдерге күресуге жеңіл ме екен? Әрине, мұның бәріне Фазыл мұғалім кең қарап, тереңтолғап, терісін кеңге салып аздап күресуге бел байлаған.
Халық түгіл қажылар да екі жақты. Олар хазірет пен мұғалімнің екеуіне де бірдей. Олар бірін – «дін», бірін – «күн» деп түсінеді. «Бірін бұ дүние, бірін о дүние» деп ұғынады. Сондықтан екеуінің арасын ұшықтырмай, өзді-өзінің орнында екеуін де пайдалы деп ұстағысы келеді. Бірақ айналып келгенде бәрі де байлардың бір тілегінің керегі еді.
Молда мен мұғалім ит пен мысық сықылды. Олардың арасында талай тартыс болған. Соның бірі…
САРЫ АЛА ҚАЗ ПӘТУАСЫ
Әйен бәйбішенің ақ үйінің аузы-мұрны шыпылдаған кісі. Айнала жиылған жүк жабыққа тіреледі. Жүктегі былғары қапты күміс шапқан сандықтар, масаты кілемге буылған семіз-семіз инпор,оюлы сырмақ, түрлі текеметтердің үстіне салынып тасталған парсы кілем, торғын көрпелердің үстіңде қаздай тізілген қонақ.Үлкен үйдің екі жапсарына жеткізе ала дастарқан жайылған.Қара кемеш күмісті тегештің ішіндегі қымыз кішігірім көл сықылды. Айнала отырған адамдардың алдарыңда бір-бір мөлдіреген кәрлен кеселер. Тегештегі қымыз әлсін-әлі орталаса – ірігедегі күміс піспекті мейіз сабаны еңкейтіп жіберіп, қымызын еселеп құйып отыр. Қымызды сапыра құйып отырған Әйен бәйбішенің өзі де қайың бұтағына ысталған қара сабасы сықылды. Қымызға аяқшы керей Дәукен бәйбішенің темір көсеуіңдей сып-сып етеді.
Ашуы әбден жеткен қымыз кәрлен кеселерде, майлы тоқашпен ішіліп, шекелерден терді шып-шып шығарады. Абдыра бекетіндегі көк төбелі үйдің иесі ақсақ Жүсіп сықылды жұқалтаң шалдардың ішкен қымызбен беті қызыл мәлескенге айналған сайын еселеп ішеді.
Қымызға келгенде түп жоқ кісі – ноғай Ықсан молда. Алдына келген аяқты жерге қоймайды. «Алқамды лелла» деп бір кекіріп алады да басына бір-ақ төңкереді. Ықсан ішкенге көзі түскен кісінің бәрі сүйсінеді. Өзі –үлкен үйелмендей кісі. Майдан көзі бітіп, мұрны үшкірленіп қалған. Мойны мен жауырыны тұтасып, басы ит бастанып қалыпты. Омырауы есіктей болып, қарны дастарқанға сүйретіліп отыр. Бұған берген қымыз тек бір сабадан бір сабаға қотарылған сияқты. Өзі бұрыннан құрсақты молда, іші кеңіген сайын айы жақындаған әйелдей айналып отыра алмай, тек сүйретіліп отыр. Ыңқ-ыңқ етеді. Сөйлесе, қоздайтын қойдай мекіренеді.
Қымызды қанша ішсе де бетінен шаң шықпайтын сұр қажы Шалматай жайлауыш бестідей мойыны жіңішкеріп, канша жесе де жұқпаған адам сықылды. Көзі ілбиіп, танауы қусырылып, самай шашы селдіреп, кесенің түбінен ұстап тісінен сыздықтатып қымызды жұтады да отырады. Тұздан келіп тойына алмаған түйедей өміріне бүйірі шыққан кісі емес. Нәзипа сықылды сұлу тоқалды, Әйен сияқты аю бәйбішені қоса санағанда – төрт әйелдің байы осы кісі. Бұған жалғас отырған тығыз сары Есентай қажы, иектен бұғағы асып, шүйдесі шодырайып, майдан екі көзі айналып кеткен. Бұл қажының қымызды жұтқан сайын беті берен шымылдықтың тозығы сияқтанады. Ал денесі шағын болса да ішу жағынан Ықсан молдадан қалыспай отырған Сарыағаштың имамы Асан хазірет. Бұл да– көптен мол тамақтың ішінде өсіп, өзінің де іші есіп, бордақыға байланған малдай жеп-ішіп, жері кеңіп қалған адам. Бұлардан басқа салпы ауыз болыс, сақау сары би, қара қожыр ақсақалдың қайсы бірін айта берелік – бәрі де Шалматайдың дастарқанында, сөзі мен кекірігі аузында, қымызға қызара бөртіп отырған бір мәжіліс.
Қымызбен бірге шыққан қызулы әңгіме қыдырып келіп шариғатты шарлап шықты:
–Осы шәуке қарға адал ма, жоқ па? – деп, Есентай сұраған шариғаттан ұшқынған бақас етек алып кетіп біраз уақытты алды. Аяқты айуан, қанатты құстардың еске түскендері бірін-бірін аталып, жеуге жарау-жарамау жағынан тексеріліп талқыға түсті. Осындайларға пәтуа бере келгенде: судан балық жейтін қара қаз жеуге жарайтын болып, жылан жейтін сары ала қаз арамға шықты. Сары ала қазды адал қып шығару үшін Асан хазірет «түзу тұмсық құстың барлығы да адал» деген бір рауаятты «мұқтасардан» келтіріп көріп еді, оңдай жерде тік тартып кететін Ықсан молда бір кекіріп алды да:
– Сары ала қазды сүнни мәзһаби мұтлақан қарам кылмыш Овбөп: сары ала қаз қайыз көреді, – деп белден бір-ақ басты. Ықсанның сол сөзімен Асан хазіреттің «мұқтасарынан» келтірілген рауаятының жаназасы оқылды. Асан хазірет мүдіріп қалды да, одан әрі сөз таластыра алмады. Өйткені Ықсан молданың Асаннан шалымы артығырақ болуының үстіне, ашу шақырып ақырып кететін адуын, шыдамсыздығы да бар еді. Отырғандар ішінен Асан хазіреттің сүрінгенін сезді. Оның қызарыңқырап қалғанын сезген Шалматай:
–Алыңыздар! Ашуы жеткен қымыз ғой,– деп әңгімені қымыздың айналасына тартты.
Асанның Ықсанға сөз күрестірмеуінің екінші жағы да бар.Ол Абдыра бекетінен қайтқанда Ықсанмен бір арбада келген. Келе жатып сөйлескен сөзінің көбі Фазыл мұғалімнің зиянына бағыстанған еді. Олар осы мұғалімнің кім екендігін, оған қажылардың ықластығын, халықтың қалай қарайтындығын баян қылакеле, оның ұсақ ғайбатына да кіріп кеткен. «Жәдит жолы – азғын жол, іслам дінін ойран қылуға айналған әрекет. Заман ақырдың сарыны мен азғындығынан туған қауіпті, зиянды оқу. Мұғалім өзі арақ ішеді, шылым тартады. Тіпті зина да қылады…» – деп келіп, Фазыл мұғалімнің Шалматайдың тоқалымен арасындағы мұғамаланы да шұқылап, бір-біріне ашқаңдай болған.
Мұғалімнің мұңдай ғазазылдық, азғындық қылығына қаны қайнасып, арба үстіңде алдында жатқандай дүре салуға таянып тап-тап беріп кіжініп,дүрілдесе-дүрілдесеШалматайдыңқонаққашақырған үйіне келіп түскен. Қалайда бұл мұғалімді қажы ауылынан қудыруға арба үстінде хүкім қылған.
Молдалардың ойынша: бұл мәжілісте өңшең инабатты кісілер жиналады. Мұғалім де болады. Мұғалімнің бетін тырнап, иығынан басуды, оның жұрт алдында қадірін түсіруді осы мәжілістен бастаудың жөні келіп қалды. Сондықтан бұрын итше қырқысып, бірін-бірі надан деп жамандап жүрісетін Абдыра бекетінің Ықсан молдасы мен Сарыағаштың Асан хазіретінің арасында мұғалімге қарсы мұғамала болып, өз аралары жапсарласып қалғандай еді. Шыдамсыз Ықсанның шариғатына қарсы Асан хазіреттің аса сөз көтермеген екінші себебі осы еді.
ҮРИТ, СОҚ! СОҚ!
Қажының қайта-қайта кісі жіберіп шақыртуымен мәжіліске Фазыл мұғалім де кірді. Оған төрге таяу жерден орын берілді. Үйге мұғалім кірумен бірге мәжілістің бұрынғы бір беткей лепірген сөзі де тына қалып, үй іші біраз тыншуға айналды. Тек дамылсыз қымыз құйылып, «алыңыз», «тәтті қымыз», «аяғыңызды беріңіз», «Алла разы болсын!» – деген қымыздың алдым-бердім сөздері ғана айтылып отырды.
Көп уақыт өтпеді. Мәжілістің мұндай мылқауланып қалуына ежелден шыдап отыра алмайтын «найзамды әпер» қыршаңқы Дәукен ойдағы жоқ жерден бір сөздің басын сопаң еткізді:
–Әне күнгі кемпірдің жаназасында үлкен бір талас болыпқалды.
–Е, не ғып? – десті.
–Таласты шығарған несиеші Мұқажан.
–Не талас?
–Қалайша? – деп, Дәукенге әркімдер-ақ сұрау тастады. Дәукен, «енді өздерің де әңгімеге араласарсың» –деген кісіше қымыздың аяғын әперумен алаң кісідей аз бөгеліп, жұртты жерік қылып алды да, жаназадағы таластың жайын талдап айтуға кірісті.
–Кемпірдің жаназасын оқыдық. Оқып бола бергенде, Қайроллалар келіп, ат үстінен жаназаға кірмей тұрып қалды. ОларғаЖүсіпкелді бырадар намазда тұрып: «Аттан түсіп, сапқа тұрақал!» – деп ымдап еді, Қайроллалар: «Дәретіміз жоқ» –деп, қауымға кірмеді. Намаз оқылып болғасын, Бекбосын молда жаназаға үлгіру үшін асығыста дембе қағып жіберіп қауымға кіру керектігін шариғаттап еді, мына жақтан Мұқажан тұрды да, сайтандай:
– Тақсыр, мәселен, Қайролла қатынының қойнынан тұрыпғұсыл құйынып үлгірмеген болса қайтеді? Онда дембе қағыпжаназаға кіре ала ма? – деді. Бұған Бекбосын молда «кіре алады» – деді. Мына жақтан Торғай молда тұрып «кіре алмайды», –деді. Содан соң сөз ұшынды.
–Ал, қайсысынікі дұрыс екен? – десті есік жақтағы бос қазақтар. Дәукен ар жағын айтты:
–Сонан соң екі молда ерегісіп кетті. Екеуі де құраннан аят айтып дәлелдеп, өз сөздерін мақұлдап жатты. Біз қараңғы адам,жарықтықтардың не айтқанына зейініміз жете ме, екеуі тіпті бірін-біріұрарманға келісіп, қызыл кеңірдек болып кете барды. Біз, көпшілік, екі жағының бірін де ұстай алмай қалдық…
–Бұған мына кісілер не айтар екен? – деді Күркебай би бір жақтан. Сұралған шариғатқа тоқтаусыз жауап беріп үйренген сарыағаштық Асан хазірет іле-шала:
–Жәнуп адам таямамға тазаланбайды. Ғұсыл құйынбайынша жаназаға кіруіне ярами, – деді. Кімді болса да алдына шығармай ауыздықсыз әдеттенген Абдыра бекетінің Ықсан молдасы оған қарсы тағы күр ете түсті:
–Таямам зәрурат. Уақытында таһарат орнына да, ғұсыл орнына да ғұсыл орнына да кипая, – деді. Ықсанның алдыңғы сөздегі омыраулығын азар кешіріп, тығылып отырған Асан хазірет те қашанғы Ықсанды қоя бере берсін:
– Оныңыз қата, – деді. Оған Ықсан ширығып, кұрық алып кетті:
Кәне,білсең айт! Ғұсылдың өзі не нәрсе?
– Парызғайын! – Жұрт аңырып қалды. Дәукен «шақпақты шақтым,
ендігісін өздеріңбілебер»,–дегеңдей жымың-жымың етті. Ықсаң тікие қадалды:
– Ниндей шартлансоңғұсылды парызетеді?
Асан да аңырған жоқ, уықтың қарына қыстырулы «иман-шартты»алды да, Ықсанға көрсетіп оқи жөнелді:
– Ғұсылды парыз ететін шарт төртеу: Бірінші… Екінші…Үшінші…
Мұғалім мырс-мырс күлді, мұғалімнің күлкісі бір-біріне қодырайысқан молдаларға да, үй ішіне де өрескел көрінді. Жанның бәрінің де көзі молдаларды сықылықтап күлген Фазыл мұғалімге түсті. Шақпақтың енді бір отын осы жаққа тастап жіберу ниетімен Дәукен:
– Мұғалім қайсысын жақтар екен мұның? – деді.
– Мин бірін де яқтамаймын, уаллаһи, осындай ахмақшылыққа күлемін ғана, – деді Фазыл.
– Не үшін олай дейсіз? – деп Дәукен сөз көтерді.
– Дини құрапат болғаш соң күлмәскә нәрсә?–деді мұғалім. Абдыраның Ықсан молдасы арс ете түсті:–Сіздің жәдитләріңізше құран да құрапат бит! – деп ажырайып қалды.
Мұғалім саспай, тайсалмай сөзге жауапқа кірісті:
– Әфәндім, мен құранды құрапат демекші түгіл, ләкин кұранны тапсил рәуіште білмей тұрған надан молдаларны һәр дайым мағынасыз құран атынан хұрапатлар сөйлеп жүруіне күлемін. Мәселән бұл қарт сөйлеп отырған сөз нинди сөз ол, құрапат болми? Гумірге нинді файдасы бар соң? Хашапа, қайыз, нипастардан я дүниеге, я ахиретке нинди файда бар соң? Құранның хақиқи мағынасы ол хашапаларда ғана емес, құран пайғамбар құтпасы!
– Құран алла кәләми! – деп калды Асан хазірет.
– Мейлі алла кәләмі болсын, құрандағы сөз мәшіт мәнбарында халыққа уағыз болу үшін Мұхаммет пайғамбарымыздың аузынан қалдырылған. Құранда діни мәселелермен бірге дүнияуи мәселелер де бар. Онда мәдениет бар, ғақлият бар. Қасибият бар, сауда уа санағат бар. Міне, көп молдалар құранның шошындай хұсусиятларын аңлами. Құранны ислам фанатиклары сопылыққа әйләндірген де, құрсақ құралына пайдаланғанлар.
– Әлғұлама уарасатұланбия! Барлық ғұламаларды – молдаларды олай деп айту қақсыз қақарат! – деді Асан қызарып.
Төрде отырған Ықсан бұл сөздерге шыдай алмай ит көрген мысықша үрпиіп, екі көзі мұғалімді жеп қоятындай аларып, кепкеннен кеуіп бара жатыр еді. Ықсан молданың мұңдай жердесырын білетін адамдардың көздері осы молданы бақыламақта еді. Мұғалім Асан хазіретке жауап беріп:
– Мен настоящий ғұламаларды айтпаймын, біләр білмәс наданлық білән дін атынан сапсата сатып, халықты қараңғылыққа камап жүрген кейбір өз үстінде құран артқан ишәкләрні ғана айтам, – деді. Бұған Дәукендер дуылдап күліп, қошемет қылып кете алмаса да, ішінен «молдаларды тұздықтады-ау» деп сүйсініп қалды. Ықсан терісіне сыймай кепкеннен кеуіп бара жатыр еді. Сөзден сасып жанжал көтеруге айналған Асан:
–Сіздер алланың барлығын да инкар етесіз, – деді.
–Бар ма, жоқ па, ол екінші мәселе, – деді Фазыл мұғалім.
–Мұғалімдер жер астыңдағы көк өгізді де жоққылып жүрген жоқ па? – деп Дәукен тағы тұтанған отты үрлеп қалды. Оған мұғалім қасқая:
–Жер астында өгіз түгіл, бұзау да жоқ, қарт! – деді.
–Тақсыр-ау, онда жерді кім ұстап тұр? – деді Дәукен.
–Ешкім де ұстап тұрған жоқ. Жер – өзі айналып жүріп тұрған планета.
–Ал біздіңше күңді кім шығарып тұр? – деді Дәукен.
–Күн жүрмейді. Жер жүреді.
–Ай ше?
–Ай да солай. Сөнген планета.
–Тақсыр-ау, оны көріп келген кім екен?
–Оны көріп, біліп отырған ғылым. Ол ғылымды астрономия дейді. Оны алдақашан ғалымдар білген. Бұл туралы ғылым кітаптарын жазып кеткен.
–Ол ғалымдарың кәпір ме, мұсылман ба? – деді Ықсан арс етіп.
–Әрине, мұсылманнан ондай ғалымдар шықпаған. Мұсылман молдалары өгізден басқаныкөрген емес! – деп, мұғалім сылқ-сылқкүлді. Бұ күлкі молдалардың жүрегіне мұсатыр сепкендей болса, үй ішіндегі ақсақал, байларға да тым тентектік көрінді. Ықсан молда шарт жүгініп жіберіп зірк етіп:
–Өгізбар! – деді.
– Әлбетте, бар! – деді Дәукен.
– Өгіз қайда кетуші еді?
– Қай қазақ көрген? – деп мұғалім тағы күлді.
– Алланың жаратуында көк жеті қат, үстіңде сегіз ұжмақ!
Жер жеті қат, астында жеті тамұқ – мұны ешбір кәпір жоқ кыла