Эжен Потье
(1816-1887)
Француз ақыны, халықаралық пролетариат гимні «Интернационал» мәтінінің авторы. Әнін бельгиялық  композитор Пьер Дегейтер шығарған. Қолөнерші семьясында туған. Алғашқы өлеңдерін 14 жасында жаза бастайды. Оның «Жас муза» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1831 жылы жарияланды. Эжен Потье 1848 жылы Шілде революциясы кезінде идеялық жағынан шыққан революцияшыл-демократ ақын ретінде көзге түсті. Париж пролетариатының Маусым көтерілісіне қатысты. Ол 1871 жылы Париж коммунасы кезінде депутат болып сайланды Потьенің әр түрлі кезде жазылған шығармалары «Революциялық әндер» деген атпен жарияланды.
Эжен Потьенің «Интернационал» өлеңі І.Жансүгіровтің аударуымен бізге таныс болды.
       ИНТЕРНАЦИОНАЛ
Оян, таңбаланған қарғыспен
Құлдардың, аштардың әлемі!
Қайнап ақылымыз ашынған
Майданға бастар дер кезі!
Құлатамыз қанау әлемін
Тамтығын қоймай, сүйтіп ал
Орнатамыз жаңа өмірді:
Барлығын қолға құл алар.
Бұл міне ең ақырғы
Шын майдан, шын қайрат,
Интернационалмен
Көркейер адамзат.
Азаттық бізге ешкім бермес
Батыр да, патса, құдай да.
Аламыз азаттықты өзіміз
Оны алу біздің өз қолда.
Алуға жауға кеткен есеңді
Айырып қол мен әлді, епті, –
Темірді ұр қызған кезінде,
Баса соқ, бас, бас көрікті!
Бұл міне ең ақырғы
Шын майдан, шын қайрат,
Интернационалмен
Көркейер адамзат!
 
Тек біз – жұмыскері әлемнің
Еңбектің ұлы әскері,
Жер-жиһан билігі біздікі,
Паразиттерге жоқ, тегі.
Ал егер қиратса қорқау, қанқорды
Найзағай ойнап шартылдап,
Соңда да төгер күн сәулесін
Нұрлары бізге жарқырап.
Бұл міне ең ақырғы
Шын майдан, шын қайрат,
Интернационалмен
Көркейер адамзат.